Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:50

СІМ референдум учаскелері әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді

1
Фото: СІМ

Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Алғашқылардың бірі болып дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Корея елдерінде басталды. Кейіннен учаскелер Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам және Индонезия елдерінде де ашылды.

Сонымен қатар дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінде де белсенді түрде өтіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Ел азаматтары таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауын білдіруде.

Референдумда қазақстандықтарға бір ғана сұрақ ұсынылған: 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?

Ел бойынша барлығы 10 388 дауыс беру учаскесі ашылды. Оның ішінде 92 учаске жұмысын ертерек, яғни таңғы сағат 6:00-де бастаған. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 12,4 миллионнан астам адам енгізілген.