Сочиге шабуыл: туристер жағажайдан эвакуацияланды

Сочиде туристерге дрон шабуылы салдарынан жағажайларды босатуға кеңес берілді.
Қала мэрі Андрей Прошунин Telegram-арнасында: «Егер сіз жағалау маңында тұрсаңыз, көшеге шықпаңыз, әйнексіз, мықты ғимаратта болыңыз» деп ескертіп, тұрғындарды әуе қорғанысы жүйесінің жұмысы, дрон сынықтарының құлауы және жедел қызметтердің әрекеттерін түсірмеуге шақырды.
Жергілікті пабликтерде жағажайдан кетіп жатқан туристердің видеолары жарияланды. Олимпиадалық нысандар орналасқан Сириус аумағындағы демалушылар да жағажайлар мен ашық бассейндерден эвакуацияланғаны хабарланды.
Сочи әуежайында ұшақтарды қабылдау және жіберу шектеулері енгізіліп, ондаған рейс кешіктірілді. Бұдан бөлек, дрон шабуылы қаупіне байланысты Абхазияның өзін-өзі жариялаған республикасымен шекарадағы «Псоу» өткізу бекеті жабылды.
Сонымен қатар мэр тұрғындар мен туристерді дрондар мен олардың сынықтарын, әуе қорғанысы жүйесінің жұмысын және жедел қызметтердің әрекеттерін фото немесе видеоға түсірмеуге шақырды.