Соғыс салдарынан Гома биолабораториясынан қауіпті вирус тарауы мүмкін
Халықаралық Қызыл Крест комитеті «электр қуатының өшіп қалу қаупі төніп тұрған ұлттық биомедициналық ғылыми-зерттеу институтының зертханасындағы жағдайға қатты алаңдайды», - деп хабарлады ХҚКК Африка бойынша аймақтық директоры Патрик Юсеф.
Қызыл Крест Конго Демократиялық Республикасының қоршауда қалған Гома қаласындағы шайқастар зертханада сақталған Эбола вирусы мен басқа да қауіпті қоздырғыштардың үлгілерінің тарап кетуіне әкелуі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді.
Женевада журналистермен сөйлеген сөзінде ХҚКК Африка бойынша аймақтық директоры Патрик Юсеф «егер (үлгілер, соның ішінде олардағы Эбола вирусы) таратылса, елестету мүмкін емес салдары туралы ескерту жасады.
Юсеф зертхананың Гомадағы ХҚКК делегациясына «өте жақын» екенін, бірақ оның қаладағы басқа зертханалардың қауіпсіздігі туралы ақпараты жоқ екенін атап өтті.
Соңғы күндері, әсіресе, M23 көтерілісшілері мен ДКР үкімет күштері арасында кескілескен ұрыс болды. Конго Демократиялық Республикасы ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген елдер мен тәуелсіз сарапшылар көрші Руанданы M23-ті қолдады деп айыптайды, ол мұны үзілді-кесілді жоққа шығарады.