Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:53

Солақайлар қайта жанданды

Е

Араға бірнеше жыл салып Солақайлар қайта жанданды. Бұл жолы бұрыңғыдан да өрісі кең, бағыты да анығырақ. 

Естеріңізде болса, қазақ әдебиетінде ұйқассыз өлең жазып, абсурд мәдениетінің қозғаушы күші болған осы клуб отандық ақындар мен оқырмандардың сынына ұшырап еді. Әлбетте, бұған оң қарағандар да болды. 

Бүгінде олар «Солақайлар» әдебиет және өнер клубы болып қайта жаңғырып, оқырман қауымға жақсы жаңалығын да жария етті. 

Енді қазақ медиа кеңістігінде тағы бір сайт пайда болды. Solaqai.com сайтынан әдебиет пен өнердің көп саласына қатысты керемет аудармалар мен маңызды мақалаларды оқи аласыз. Бұдан бөлек «Солақайларда» «солақай» авторлардың шығармалары жарияланып тұрады.  

Отандық әдебиет пен мәдениет кеңістігінде қалыптасқан қарт “ЖАС АЛАШ”-тан жас солақайларға сәттілік! Жолдарың ашық болсын!

Тегтер: