Солтүстік Кореяда жүздеген ресейлік сарбаз емделіп жатыр

Украинада жараланған ресейлік сарбаздар Солтүстік Кореяда емделіп жатыр, деп мәлімдеді Ресейдің Солтүстік Кореядағы елшісі Александр Мацегора «Российская газета» басылымына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Солтүстік Кореяның үздік ауруханалары мен санаторийлерінде оларды емдеу тегін жүргізіледі.
Шенеунік сондай-ақ Украинада қаза тапқан ресейлік әскерилердің балалары Солтүстік Кореяда тегін демалып жатқанын, университеттер арасындағы алмасу дамып жатқанын, Ресей Солтүстік Кореяны көмір, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатқанын айтты.
Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жіберуге дайындалып жатыр
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бірнеше мың солтүстіккореялық сарбазынан айырылған соң Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін Ресейге қосымша әскер жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Yonhap агенттігі 24 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтарына сілтеме жасап.
Басқарма 11 мың адамнан тұратын алғашқы топтың жіберілгеніне төрт айға жуық уақыт өткенін мәлімдеді. Осы уақыт ішінде сарбаздардың үштен бірі қаза тауып және бірнеше Солтүстік Корея сарбаздары тұтқынға алынды. Соған қарамастан комитет КХДР Ресей армиясына көмек көрсету үшін қосымша күштерді жіберуге дайындықты күшейткенін атап өтті.
22 қаңтарда Пентагондағы жоғары лауазымды дереккөз The New York Times (NYT) газетіне осындай ақпаратты берді. Оның айтуынша, Солтүстік Корея алдағы екі айда Ресейге қосымша күштер жібереді. Алайда Пентагон да, Оңтүстік Кореяның Біріккен штабтар бастықтары да әскери қызметкерлердің санын нақтылаған жоқ. Мәскеу Пхеньянға әр сарбаз үшін екі мың доллар төлейтіні, бұл Солтүстік Корея азаматының 83 жылдық жалақысына тең екені айтылған.