Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:14, 30 Желтоқсан 2022

Сот Қайрат Боранбаевты үйқамаққа жіберген жоқ

None
None

Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Назгүл Бапақова бизнесмен Қайрат Боранбаевтың оны үйқамаққа шығару туралы талап арызын қабылдаған жоқ.

Боранбаевтың адвокаты талап арызда уақытша қамау изоляторында отырған бизнесменнің денсаулығында кінәрат барын, Боранбаевтың мемлекетке келтірген шығынды толық өтеп бергенін, асырауында кәмелет жасына толмаған екі баласы мен қарт анасы барын алға тартқан.

Судья Боранбаевтың ісі аса ауыр қылмыстар қатарына жататынын, денсаулығы нашарласа қамау орнындағы медициналық көмекке жүгіне алатынын алға тартқан.

Тегтер: