Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:47

Сотталған адамды азаптаған құқық қорғау органының қызметкері бас бостандығынан айырылды

м
Фото: ашық дереккөз
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамға қатысты азаптау іс-әрекеттерін жасаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне қатысты үкім шығарды.
Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады, делінген хабарламада.

Сотталушы «әділет капитаны» арнайы атағынан айырылды және ол Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді.

 Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді.

Тегтер: