17:49, 19 Мамыр 2020
СOVID-19 жұқтырғандар Қазақстанда бір тәулікте 311 адамға көбейді
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 311 адам анықталды, оның 142-і Атырау облысында тіркелген.
Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бұл туралы 19 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы — 36
Алматы қаласы — 24
Шымкент қаласы — 31
Атырау облысы — 142
Қостанай облысы — 19
Түркістан облысы — 18
Ақмола облысы — 8
Қарағанды облысы — 13
Солтүстік Қазақстан облысы — 1
Батыс Қазақстан облысы — 6
Қызылорда облысы — 4
Алматы облысы — 3
Жамбыл облысы — 3
Павлодар облысы — 2
Маңғыстау облысы — 1.
13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 6751 адам жетті. 3469 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.