Су астында қаламыз!

Ауыл тұрғындары дабыл қағады
Қарағанды аймағында биліктегілер күл төгу полигонын Курянов ауылының маңайына салмақшы болған. Үшінші жылу энерго орталығы отыз жылдан бері бір орынға ғана күл төгіп келе жатқандықтан, жаңа полигон салудың қажеттілігі туындаған-ды.
Алайда Курянов тұрғындары бірнеше рет шу көтергендіктен, облыстық билік оның құрылысын уақытша тоқтатқан. Ал ауыл халқы іс жүзінде бұл жұмыс әлі тоқтаған жоқ, «тіпті жерді қазу жұмыстарының салдарынан, өзеннің екі арнасын бітеп тастады», деген наразы пікірлерін білдіруде. Айтуларынша, осының салдарынан, өзен суы ауылға қарай жайыла бастаған. Тұрғындар «еңісте тұрған ауылды көктемде өзен суы басып қала ма?», – деп үрейленіп отыр. Сондай-ақ тұрғындар «ауыл іргесіне күл төгу полигоны салынса, шаң тозаңның астында қаламыз, экология нашарлап, денсаулығымызға зияны тиеді», – деген дабыл қағуда. – «Мұны жасап отырған олигарх байлар, әкімқаралар. Егер мына жерге 400 гектарға күл төгу полигонын жасаса, ауыл тұрғындарына қиын болады», – дейді ауыл тұрғыны Сайлаубек Маяузов.Күл төгу полигонын салып жатқан «Қарағанды жылу энерго орталығы» ЖШС «өзен арнасына тиіскен жоқпыз», деп ат тондарын ала қашуда. Екі айдан астам уақыт бұрын биліктегілер полигонның жұмысы уақытша тоқтады деген болатын-ды. Алайда, ауыл тұрғындары бұл жұмыстың түнде жасалынатынын айтып отыр. Бұл жерде полигонды салып жатқан орталық биліктің шешімін елемей, жұмыстарына қызу кірісіп кеткен сыңайлы. Ал халық күл қоқыс полигонынан қорқып, билікке сөзін өткізе алмай, шырылдап отыр.