Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:47, 18 Тамыз 2020

«Су емес, у ішіп отырмыз»

Қызылордаоблысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың назарына!

            

            Еңсесітүскен елдің тілеуі қашан орындалады?

Жаңақорған ауданындағы Байкенже ауылының тұрғындары негеашынады? Мың жарымдай халқы бар ауыл 30 жылдан бері ішер суға неге зәру? Бұғанелді мекен маңындағы уран өндірісі орнының қандай қатысы бар? Мемлекеттікбағдарлама аясында қосылуы тиіс су торабы бірнеше жылдан бері неге қосылмайкеледі? Ауыл іргесінен уран өндіріп жатқан «Қызылқұм» ЖШС мен «Байкен-U» ЖШС «бизнестіңәлеуметтік жауапкершілігі» деген ұғымды қалайша түсінбейді?

Байкенжелік Балтабай Серкінбайұлы түрлі індеттің суданкелерін білгендіктен, су фильтрін орнатуға мәжбүр болған. Себебі ескі ұңғымаданкелетін тіршілік нәрін ішуден тіпті жануарлар да бас тартады екен. Ішергежарамсыз судың сапасы ауылдан бір жарым шақырым жердегі уран өндірісінің әсеріненболуы мүмкін дейді тұрғындар.

– Ауыл іргесінен уран қазып, кислота жіберіп жатыр. Тазасу жоқ. Өзіміз тасымалдап отырмыз. Осылай күн көріп жатырмыз, мына келіп тұрғансуды көріп отырсыздар, әлден беті қаймақтанып тұрады, – дейді Балтабай ақсақал.

Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті билік мемлекеттік бағдарламааясында әрбір үйге ауызсу тартып береміз деп уәде беріпті. Бірақ басталғанжұмыс аяқсыз қалған.

– Көшемізге су желісінің тұрбаларын әкеп қойды. Шлангасытұр, крайнигін орнатып қойдық. Бірақ бір жарым жылдан асты, ешқандай су жоқ. Әкімдердіңесебінде талай рет айттық. Биыл жаңа жылда беріледі деген, бұрынғы мердігерқаржыны жымқырып кетіп, сотты болып жатыр дегенді естідік. Жаңа мердігер жаңажылда қосады деп еді, ол да әдірем қалды, – дейді ауыл тұрғыны ТаубайТөрениязұлы

Мердігердің уәде бергенін ауыл әкімдігінің қызметкері дерастап отыр. Бірақ судың әлі күнге дейін неге берілмей отырғанын дөп басып айтаалмады.

– Алдында уәде берген еді, «қалай болғанда да, суды биылкіргіземіз» деп. Халықты ауызсумен қамтамасыз етеміз деп айтылды. Білмеймін неболғанын, су әлі жоқ. Су ағып тұр, бірақ ол ішуге жарамды ма, жарамды емес пе,оны білмейміз, – дейді Байкенже ауылдық округі әкімдігінің бас маманы ҚайратЗейдалиев.

Бұл ауылда жалғыз су құбыры бар. Тіршілік нәрін тұрғындаросы жерден алуға мәжбүр. Олардың айтуынша, осы үшін 60 теңгеден адам басынатөлейді екен. Жағдайы бар жандар үйлеріне су резервуарларын  орнатып үлгерген. Ал жағдайы жоқтар арбамен тасуғамәжбүр.

Уран өндіретін кәсіпорын бұл жерде 14 жылдан бері жұмысістеп келеді. Экологтар халықтың талап арызына сәйкес, бірнеше мәрте тексеружұмыстарын жүргізіпті. Кемшіліктер де анықталған.

– Әрине, тексеру кезінде заңбұзушылықтар анықталады. Мысалы,көптеген жағдайда «кислотовоз» көліктердің аварияға ұшырауы, жерді бүлдіруіжәне өндіріс цехының басындағы трубалардың тозуынан кислота мен химиялықзаттардың жер бетін ластау деректері анықталды. Бұл жөнінде хат жазылып, тиістіайыппұл салынып, оны жою жөніндегі амалдар заңмен қарастырылып, талап етіледі,– дейді Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы МаратҚұрманбаев.

Тұрғындардың өндіріс орнының жұмысына көңілі толмайтынынтүсінген экологтар уран өндіріп жатқан компаниямен меморандумға да отырыпты.Биыл тәуелсіз сарапшылар, ауыл тұрғындары мен экология департаментінің мамандарынанқұрылған топ өндірістің қоршаған ортаға келтіріп жатқан кесірін тағы зерттейтінкөрінеді. Осыдан кейін бұл нысанның жабылу немесе жабылмау мәселесі қаралмақ.

Нарықта бәсі шиыршық ататын химиялық элементті өндірердеинвесторлар «ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтереміз» деп уәдеберген екен. Бірақ ауыл азаматтары «уәде құрғақ сөз боп қалды» дейді.

– Сол уақыттан бері ауылымызда көзге түсер құрылыссалынған жоқ. Мәселен, ауыл мектебін алайық. Іргетасы мүжіліп, қабырғасықақырап тұр.  Мектеп сыйымдылығы – 100 орын. Бір сыныпқа 10-15баладан артық сыймайды, – дейді Таубай Төрениязұлы.

Білім ордасына мектеп жасындағы 260 оқушы сыймаған соң,ертеректе шопандардың балаларына арнап салынған интернат ғимаратына бастауышсынып оқушыларын орналастырған екен. Алайда ұстаздар оның да оңып тұрғаны шамалыекенін айтады. Қыс болса пешпен жылытатын ғимараттың қабырғасы қамыстан қаланған.Тұрғындар жалын шарпып шоқ ұшса, өрт тұтанып кете ме деп үрейленеді. Алсанитарлық талап өз алдына бөлек әңгіме.

Мектеп пен таза ауызсудан бөлек, мұнда жұтар ауаныңтазалығына да күмән бар.

– Тұрғындар ауаның тазалығына да күмән келтірген. Іргеденуран қазылып жатқан соң, себеп те жоқ емес. Ал ішер суға келсек, тіршілік нәрі«Сырдария» топтық су жүйесімен келіп тұр. «Талап» топтық су жүйесі бітпегенсоң, бұл жаққа әзірге су жібере алмай отыр. Бірақ биыл бұл жұмыстар бітеді. Алжаңа білім ошағын салуға, жобалау-сметалық құжаттамаға аудан әкімдігі қаржықарап жатыр. Биыл оның да шешімі табылады. Тұрғындар ұсынысы ескерусіз қалмайды.Айтылған проблемаларды шешудің жолы қарастырылуда, – деді Байкенже ауылдықокругінің әкімі Нұрғали Оспанов.

Қоғамда «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген ұғымбар. Бизнестің күш-қуатын әлеуметтік салаға жұмылдыру, қайырымдылық жасау талайжанға қанат бітіріп, қиын күнде қолдау болады. Қазақстанның көптеген ірі бизнесөкілдері бұл жауапкершіліктен қашқан емес. Мәселен, кеше ғана Арал аудандықорталық ауруханасына «АралТұз» АҚ компаниясы 50 млн теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алып берді. Игі істердің басындаүнемі үлкен жүректі кәсіпкерлер жүреді. Ал айналдырған шағын ауылдағы ірі қоскомпания тұрғындардың меселін неге шаға беретіні түсініксіз.

Ауыл әкімдігі жыл сайын ауылдың әлеуметтік жағдайына орайжобалар ұсынады екен. «Бірақ сол ұсынылған жобалардың бірде-бірінің іскеасқанын көргеніміз жоқ» дейді ауыл халқы.

– Ауылдық округ аумағында уран өндіруші екі ЖШС жұмысістейді: «Қызылқұм» ЖШС-не қарасты «Хорасан 1» және «Байкен U» ЖШС-нің «Хорасан2» кеніші. Осылардан облыс бюджетіне жыл сайын миллиардтаған теңге түседі. Бірақзардабын тартып отырған ауылдың әлеуметтік мәселесін шешуге қаржы бөлінбейотыр. Экология, мектеп, ауылдың ішкі жолдары, ауызсу сияқты өткір мәселелердіңшешімі табылмай тұр, – дейді Т.Төрениязұлы.

Халықтың наразы болатын себебі де бар. Жуырда облыс әкіміГүлшара Әбдіқалықова іргедегі «Байкен U-ға» барып тұрып, ауыл тұрғындарынабұрылмай кеткен екен. Олар әкімнің өзі келіп, мұң-мұқтажымызды тыңдаса дейді.Өйткені бұл ауылға 30 жылдан бері облыс басшыларының ешқайсысы бас сұқпапты. Отызжыл бойы тірлігінде қордаланған ауыл мәселесін тыңдауға аудан түгіл, облыс әкімдерінеге құлықсыз болды екен?! Сыр өңірініңәлеуметтік жағдайы осыдан соң жақсара ма деген сұрақтар сананы шиырлайды.

Бұл мәселе билік партиясы «Nur Otan-ды» да айналыпөтпеді. Жуырда облыстық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мәжілісдепутаты Б.Кесебаевамен бірге бақылау жасап қайтты. Бақылау комиссиясыныңтөрайымы Аида Әбибуллаева ашу-ызаға булыққанын айтады.

– Неге Менделеев кестесіндегі ең қымбат элементтердіңбірі – уран өнімі шығатын жерде сол жердің, жер қойнауындағы байлықтың иесі –  Байкенже ауылының халқында түрлі проблемаларорын алады? Неге онда халықтың жағдайы толық жасалмаған? Су, мектеп, жол,автобус, көше жарықтандыру, жылу, бизнес, дәріхана, емхана, компьютер, интернет,тағы да көптеген мәселелер уран өндіруші компаниямен жасалмаған? Ол байлықтыңиесі осы халық емес пе? Сол уранның зардабы суда, ауада, жерде, шөпте,жан-жануарларға да зияны бар, соның барлығын ескеріп, барлық әлеуметтік қолдаужасап, неге жағдай жасамайды бұл компания? Неге біз барлығымыз мұндай басынуғажол береміз? Билік қайда? Депутаттар қайда? Уранның бәрі шет мемлекеттергесатылуда деген ақпарат айтылды. Компанияның табысын қараңыздар, 2019 жылы тазатабысы 142 миллиард теңгені құраған. Бұл қалай?  – деп ашынады комиссия төрайымы.

Мән-жайды жіті зерделеген партиялық бақылау комиссиясы «ҚазАтомПром»өкіліне ауыл тұрғындарының барлық жағдайын жасауды, тамыз айының соңына дейінқандай қолдаулар жасалғаны жайлы баяндап, жоспарын ұсынсын деп қатаң талапқойды.

Тұрғындар уәжінің нақты қашан орындалары белгісіз.Белгілісі – табиғи байлықтың үстінде отырған байкенжеліктер әзірге кермек суішіп, көне мектепте білім алуларын жалғастыра бермек.

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

Қызылорда облысы

Тегтер: