Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:45, 08 Сәуір 2019

Сүрінген «Астана», «құрғақ» «Ордабасы», «джокер» «Тобыл»

Қазақстан премьер-лигасы

4-тур. 6-7 сәуір

«Тобыл» – «Ақтөбе» – 2:1 (Нұрғалиев, 34-пенальтиден, Федин, 81 – Жасанов, 89)

«Ертіс» – «Тараз» – 2:0 (Пикалкин, 18-өз қақпасына, Отарбаев, 69-өз қақпасына)

«Ордабасы» – «Жетісу» – 1:0 (Жоао Паулу, 73)

«Қайрат» – «Оқжетпес» – 4:1 (Есеола, 11, 27, Дугалич, 44, 81 – Жұмаханов, 2)

«Қайсар» – «Астана» – 0:0

«Атырау» – «Шахтер» – 0:0

Ел чемпионатының төртінші турында «Астана» алғашрет ұпай жоғалтты.

Нұрсұлтандықтар Қызылордада «Қайсар» қақпасының кілтін табаалмады. Бірақ 3 сәуір күні «Атыраумен» 18-тур матчын алдын ала өткізіп, үш ұпайеншілеп алған соң, «Астана» әлі де көш басында келеді. «Қайсар» алғашқы екітурда жеңілгенімен, ақырындап нәтижесін жақсарта бастады. Алайда қызылордалықтартөрт ойында небары бір гол соқты. Чемпиондарға қайрат көрсетсе де, «Қайсардың»бас бапкері С.Младенов өз шәкірттерінің көрсеткішіне көңіл тоғайта алмасакерек. Бұл командада Б.Пуношевац, И.Зенькович, М.Хайруллин сияқты танымал сұрмергендеройнап жүргеніне қарамастан, әзірше шабуыл шебі көңілдегідей емес.

«Тобыл» «Ақтөбені» жеңіп, алғашқы төрт кездесуде ұпайжоғалтпаған үш команданың бірі болды. Қостанайлықтардың құрамы мықтыфутболшылардан жасақталғанына мына бір дерек дәлел болса керек: өткен төрттурда да «Тобыл» сапында алмастырылған футболшылар мергендік танытып келеді. Бұлжолы М.Федин ойынға екінші таймнан араласып, 81-минутта жеңіс добын енгізді. Оғандейінгі үш турда Б.Тұрысбек (екі рет), М.Гордейчук (екі рет), С.Себаи (бір рет)«джокерлік» гол соққан-ды. Ал капитан А.Нұрғалиев төрт ойында төрт гол көрсеткішіменчемпионаттың мергендер көшін бастап келеді. Құрамын жаңарта алмаған «Ақтөбенің»халі мүшкіл. «Пентакампеондар» қатарынан төрт ойында жеңілді. -12 ұпай оларғапсихологиялық соққы болып тұрған секілді.

«Ертіс» өз алаңында «Таразды» жеңді. Бұлкездесуде жамбылдықтар екі допты да өз қақпасына соғып алды. Қазақстанчемпионаттары тарихында соңғы 10 жыл бойы мұндай дерек тіркелген емес.Павлодарлықтардың былтырғы аумалы-төкпелі маусымнан кейін әлі толық ес жия қоймағаныбайқалады. Ал «Тараз» премьер-лигада тұрақтап қалуды олжа санайтыны анық.

«Ордабасы» қақпашысы Д. Непогодов чемпионатбасталғалы әлі өз қақпасына доп енгізген жоқ. «Ордабасы» өткен турда«Жетісумен» тең ойнағанда ғана ұпай жоғалтты, сөйтіп, көшбасшылар қатарынан төмендемейкеледі. Непогодов өткен маусымның соңғы кездесуінде де қақпасын «құрғақ» ұстады.Демек, оның қазіргі көрсеткіші 419 минутқа жетті. Әрине, бұл көрсеткіш бойынша2005-06 жылдары қақпасына 921 минут бойы доп енгізбеген «қайраттық» СергейБойченконың рекордын қайталау қиын болар. Дегенмен «Ордабасының» сөзі мен ісібір жерден шығып жатқаны қуантады. Үшінші мегаполистіктер бұл жолы «Жетісуды»жеңді, үш ұпайды бразилиялық Жоао Паулу соққан доп әкелді. Бұл – оның биылғымаусымдағы үшінші голы.

 «Қайрат» таұпай жоғалтқан жоқ. Бірақ алматылықтардың ойын өрнегі мамандардың көңілінен шығыпжатқан жоқ. Дегенмен бұл турда команда жігерлі жеңіске жетті, бас бапкерГ.Шпилевский негізгі құрамға жас ойыншыларды көбірек қосып, сәттіэксперименттер жасап жатыр. Ұзақ біріншілікте «Қайраттың» қадамы қаншалықтыжемісті болатынын маусым соңы көрсетер. Ал «Оқжетпесте» ойын тәп-тәуір, бірақ ұпайжинау жағы қиындау.

 «Шахтер»мен «Атырау» тағдырлас. Әлі нақты өрнек тапқан жоқ, әр ұпай қиналыспен келіпжатыр.

Жас таланттар додасы бола ма?

Биыл Қазақстан премьер-лигасы таланттар базарыболатындай үміттендіріп қойды. Әр тур сайын Қазақстан футболының жас түлектерікөзге түсіп, футбол жылнамаларына есімдерін тіркеп келеді. Өткен турда «Ақтөбенің»жас жартылай қорғаушысы Есен Жасанов премьер-лигадағы алғашқы добын соқты. Ол«Тобыл» қақпашысы Еміл Балаевтың қателігін дәл қарауылдады. Бұл 21 жасқа жақындатолатын жігіттің премьер-лигадағы алғашқы добы ғана емес, алғаш өткізген матчыда.

Дәл осындай көрсеткішке бірінші турда талдықорғандықАйбар Жақсылықов та қол жеткізген еді. Ол «Жетісу» – «Оқжетпес» кездесуінде алаңғаойын ортасынан шығып, таблоға өз есімін жазып кетті. Бірақ содан бергі үш турда«Жетісудың» бас бапкері Д.Огай Айбарды негізгі құрамға қосқан жоқ.

Басқа командаларда да жас футболшыларымыздың көрсеткішіжаман емес. «Атыраулық» Ринат Жұматов пен Дәурен Мәжитов те мергендіктерінтанытып үлгерді, «қайраттық» Рамазан Оразов пен Сұлтанбек Астанов та орталықалаңның мықты ойыншыларына айналып келеді. Астанов соңғы екі турда әріптестерінеүш гол пасын шығарып берді. «Тараздық» қақпашы Мұхамеджан Сейсен премьер-лигададебют жасап үлгерді. «Ордабасының» жас футболшысы ӘділханДобай жайлы бас бапкер К.Цхададзенің пікірі жаман емес.

Ендеше, биылғы біріншілікте жас футболшылардыңжарқырап көріне бастауын жақсы жаңалық деп отырмыз. Бақтияр Зайнутдинов пенЕркебұлан Сейдахмет қазір қазақ футболын шетелдерде жаман танытып жүрген жоқ.Олар ұлттық құраманың да негізгі ойыншыларына айналды. Бүгінгі Есен менАйбарлар да сондай жақсы жолмен жүрсе, олжамыз аз болмақ емес.

Есалы Өстемір

Тегтер: