Светлана Жолмановаға жаңа іс бойынша үкім шықты
Бұрынғы судья Светлана Жолманова аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот Жолманованы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.
Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы және 2025 жылғы 19 маусымдағы Медеу ауданы №2 аудандық сотының бұрынғы үкімі ескеріліп, оған түпкілікті 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Яғни жаңа үкім жалпы жаза мерзімін өзгертпеді.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі үкімнің заңды күшіне әлі енбегенін хабарлады.
Еске салайық, өткен жылдың 19 маусымында Жолманова аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған болатын.
Тергеу мәліметінше, 2021-2024 жылдар аралығында ол жылжымайтын мүлік сатып алуға көмектесу және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен азаматтардың сеніміне кіріп, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы миллиондаған теңгені иемденген.