Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:49, 04 Тамыз 2020

«Сыбағасыз» қалатын түрі бар

                   Павлодароблысында мал шаруашылығы кенжелеп тұр

БиылПавлодар облысында мал шаруашылығын дамытуға үлкен көлемде қаржы қарастырылғанболатын.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылуы тиіс тапсырмалар шегеленіптұрып белгіленді. Алайда нәтиже мардымсыз, жұмыс сапасыз.

Осы жылы Ертіс өңірінде төрт түліктің санын көбейтіп,сапасын арттыруға көп көңіл бөлінген-ді. Бұрын-соңды берілмеген қаражат та қарастырылды.Мысалы, тек субсидияның өзі шамамен 2 млрд теңгеге көбейді. Былтыр шаруаларғамал алу үшін 5,6 млрд теңге берілсе, биыл 7,2 млрд теңге берілмек. Бірақ бұлқаржыға сатып алар мал жоқ.

Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынғанмәліметке сүйенсек, биыл  «Сыбаға»бағдарламасы бойынша ет бағытындағы 9051 ірі қара шет мемлекеттерден әкелінуітиіс еді. Бірақ іс жүзінде жоспардың 10 пайызы ғана орындалып отыр. Нақтысынайтқанда, өңірге небары 963 ірі қара жеткізіліпті. Кейбір аудандарда шетелденбірде-бір түлік сатып алынған жоқ. Шаруалардың айтуынша, малдың жеткізілмеуінепандемия, карантиндік шаралар кінәлі. Бірақ басқа облыстарда бұл бағыттағыжұмыстар жұп-жұмыр атқарылып отыр. Павлодар облысы ғана «Сыбаға»бағдарламасының орындалмауы бойынша көш соңында келеді. Сонда, бұл қалайболғаны? Бұған жергілікті билік мардымды жауап бере алмады. Аудан-қала әкімдеріде карантинді, шекаралардың жабық болуын алға тартып, жыл соңына дейінкөрсеткішті орындауға уәде беріп отыр. Ал қалай орындайтыны, тағы 8000 бас іріқараны қалай және қайдан әкелетіні жұмбақ күйінде қалуда.

Ұсақ малдың санын көбейту ісі де мәз емес. Биылмемлекеттік қаржыға шаруашылықтарға 30 мың қой сатып алу көзделген болатын.Алайда осы уақытқа дейін тек 13 шаруашылық барлығы 3502 қой алыпты. Бұл дажоспардың бар-жоғы 10 пайызы.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы СерікБатырғожинов ұсақ малды өз елімізден алуға болатындықтан, оның жарасы жеңілдейді. Ал мұндай іске ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ахметбек Серіковкүмәнмен қарайды.

«Иә, бүгінде мал басын көбейтемін дегендерге азды-көптіқолдау бар. Несиені жеңілдетіп беріп, субсидия үлестіріп, әйтеуір, малбасының  санын көбейтудің амалын жасапжатқандай болады. Ірі қараны шетелден әкелу керек деген талап қойылған соң,оған қатысты жоспарды орындау қиын. Себебі өзге елден мал іздеу, табу, онысатып алып, Қазақстанға жеткізу оңай емес. Оған қоса, шетелдік шаруалар қайбіржөні түзу малын арзанға бере қояр дейсіз? Осындай жағдайлардың барлығынескеріп, жоспарды шынайы жағдайға сәйкес белгілеу керек. Қазақ атамыз «Көтереалмайтын шоқпарды беліңе байлама» демеп пе еді?! Санды «қуып» жүргеніміздесапаны жоғалтып алатынымыз сондықтан. Ал қойды өз елімізден ала салу оп-оңай.Тіпті бұл қазір шаруалардың негізгі бизнесіне айналды. Неге десеңіз, қой ұстапотырған кейбір шаруалар үкіметтен субсидия алып, құжат жүзінде осыншама малсатып алдым деп есеп береді. Ал түптеп келгенде, сол қойдың көбі бауырының,көршісінің, ағайын-туыстың малы. Тексеріс келгенде ғана құжатты қолға ұстатып,бөтен қойларды қорасына қамай қояды. Яғни шын мәнінде қой басын көбейтпейді,тек қалтасын қампайтады. Мұндай жағдайларды соңғы уақытта жиі көріп жүрміз. Сондықтанбағдарлама талаптарын қайта қарап, қатаңдатпаса болмайды», – дейді салаардагері.

Осындай сан түрлі қитұрқы әрекеттердің салдарынан малбасын көбейте алмай, сырттан мал сатып ала алмай жүрген тұста кейбірпавлодарлық шаруалар өзіміздің емес, өзгенің өңдеуін құп көріп отыр. Олайдейтін себебіміз – сүт бағытындағы шаруашылықтар шикізаттың барлығын Ресейгеасырып жатыр. Ал жергілікті сүт зауыттары шикізаттан қағылып отыр. Белгіліболғандай, бұл мәселенің түп төркінінде баға саясаты жатыр. Атап айтқанда,облыстағы сүт өңдеу орындары шикізаттың бір литрі үшін көп дегенде 120 теңгеғана ұсынса, ресейлік тарап бір литр сүтті 180-200 теңгеге алуға әзір. «Биылоблыстағы үш бірдей тауарлы сүт фермасы Ресейге 7386,6 тонна сүт және сүтөнімін экспорттады. Олар облыстың кәсіпорындарына белгіленген көлемде сүттапсырмайды. Яғни талапты орындап отырған жоқ. Ал бұл шаруашылықтар тауарлы сүтфермасын іске қосар тұста инвестициялық субсидия алды. Ай сайын сүт өндірісіүшін де субсидия алады. Мемлекеттен осындай қаржылай қолдау алса да, шикізаттыөзімізге емес, өзгеге тапсырып отыр. Енді осы айдан  бастап шетелге сүт экспорттайтыншаруашылықтарға субсидия бермеу мәселесі қарастырылуда», – дейді ауылшаруашылығы басқармасының басшысы.

Байқағанымыздай, Павлодар облысында мал мен шикізаттыэкспорттау және импорттау мәселелері біржақты шешілмей отыр. Қаражат болса да,төрт түлікті сатып алар шаруа жоқ. Олардың жұмысын бір ізге келтіріп, қолдаукөрсетуге ниетті әкімқаралар да табылмай отыр. Сондықтан «Сыбаға»бағдарламасының діттеген мақсатқа жетпейтін түрі бар.

Мәриям МАҚСАТ

Павлодар облысы

Тегтер: