Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:25, 11 Тамыз 2020

Сыр жастары Абай шығармаларын бойына сіңіруде

                                                                                           

Биылдан бастап ел үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абайкүні болып белгіленді.

 Қазақтың кемеңгертұлғасының ғибратты ғұмыры мен тағылымды шығармаларын сырбойылық жастар бойынасіңіріп, өмірлік ұстаным етіп келеді. Мәселен, Назарбаев зияткерлік мектебініңоқушысы Нұрай Өмірзақова бүгінде Абайдың 200-ден астам туындысын жатқа біледі. Ал«Славяне» этно-мәдени орталығының өкілі Никита Мясцов ұлы ақынның сөзінежазылған әндерді орындап, талай республикалық байқаулардың бас жүлдесін иеленді.

Ұлты басқа болса да, қазақтың әуенін жүрекпен тебіреніпшырқайтын Никита даралығымен ел ықыласына бөленіп жүрген өнерлі жастың бірі.Бүгінде репертуарында 50-ден аса ән болса, соның жартысынан көбі қазақ әуені.Әсіресе дана абыздың «Көзімнің қарасын» айрықша жанына жақын тұтады. Ұлыақынның туындыларымен талай дүбірлі өнер бәйгесінде топ жарды.

– Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» атты өлеңін жанымменсезініп, жақсы көремін. «Біз – Қазақстанның болашағымыз» атты фестивальда мен«Көзімнің қарасы» өлеңін нақышына келтіріп орындадым. Халықтың қошеметі менықыласы мені ғарышқа шығарғандай болды. Сонымен, бас жүлдені алдым, – дейдіНикита Мясцов.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрай Өмірзақова еліміздегіжас абайтанушылардың бірі. Ол ақын шығармаларына ең алғаш екінші сыныпта оқыпжүргенде қызығушылық танытқан екен. Содан бері қара сөзден тағылым алып,өлеңдерімен сусындап келеді. Білім ордасының кітапханасында әлем классиктерініңкітаптары тізіліп тұрса да, Нұрай үшін Абай Құнанбаевтан асқан тұлға жоқ.

Оныншы сыныпты аяқтаған Нұрай ұлы Абайдың ғибратты өмірінзерттеп, кейінгі ұрпаққа ой салатын өлеңдерін кеңінен насихаттауды өмірлікұстанымына айналдырған.

– Қазақ халқын мақтап, дәріптеп отырумен қатар, осыұлттың кемшілігін көре білуді және соны түзету жолында жұмыс жасауды үйретті. Қазақтыңкемеңгер тұлғасының қиялынан туған әрбір дүние халқымызға орамды ой салатыныанық. Дала данышпаны замана тынысын дөп басып, қоғамның өзекті мәселесін халқыныңталқысына салады. Бұл әрбір қазақ үшін басты талап. Кемшілігін түзеп, алғақадам басудың алғышарты ретінде санау артық емес. Ұлтжанды тұлға болып қалыптасуымаАбай өлеңдерінің сіңірген еңбегі өте зор, – дейді жас өрен.

Нұрай жас та болса ақын шығармашылығынан сондай ой түйіп,онда айтылған сан алуан пікірді талғам таразысына тарта біледі. Далакемеңгерінің 200-ден астам туындысын және Шәкәрімнің 60-тан астам өлеңінзердесіне тоқып, білім бәйгесінде дипломант атанған ол ақын топырағында тәуетіп, тарихи орындарды аралап қайтыпты. Бүгінде ол сабақтан қолы бос уақыттаАбай шығармаларына зер салғанды жанымен ұнатады.

Нұрай «келешекте нейрохирург болсам» дейді, төтенненкелген індет атаулыға қарсы тұрар жоғары деңгейдегі білікті маман болудыармандайды. Бүгінде сол мақсатта білімін толықтырып, үлкен ізденіс үстінде келеді. 

Нұрел ЖОМАРТ

Тегтер: