16:20, 13 Тамыз 2024
Талдықорғанда АЭС салу мәселесі талқыланды

Талдықорған қаласында АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті.
Энергетика министрлігіні мәліметінше, талқылауға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, энергетика саласының жетекші мамандары, ғалымдар мен облыс орталығының белсенді тұрғындары жиналған.
Шараны ұйымдастырған - Қазақстанның Азаматтық альянсы, сарапшылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдері шақырылған.
Спикерлер сөз сөйлеу барысында Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың жоспарлары мен перспективаларын ұсынып, сондай-ақ, қауіпсіздік, экология және АЭС құрылысының экономикалық тиімділігіне қатысты сұрақтарға жауап берді, делінген хабарламада.