Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:40, 30 Қазан 2023

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен бір адам мерт болды

сы
Фото: Polisia.kz

Тағы бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

 

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол жиегіндегі жеңіл машинаны соғып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Жол-көлік оқиғасы 30 қазанға қараған түні Талдықорғанның орталығында Audi 80 және Hyundai Solati автокөліктерінің қатысуымен болған.

54 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған Audi көлігін соқты. Соққы кезінде 37 жастағы жүргізуші жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқан. Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен тергеу амалдары басталды.