Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:05

Талғар оқиғасы: Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Шерзат
Фото: Ашық дереккөз

Алматы облысының полициясы Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қатысушылар іспен танысқаннан кейін ол сотқа жіберілетінін атап өтті.

"Өткен жылдың 4 қазанына қараған түні орын алған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта тараптар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр. Танысқаннан кейін оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы шешім қабылдау үшін прокурорға жолданады», - делінген Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық: Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты (Полат) айуандықпен өлтіру оқиғасы 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні болды. Қылмысты жасады деген күдікпен 11 адам ұсталып, қамауға алынды. Кісі өлтіру фактісін тергеуді ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өз бақылауына алды. Талғарға Ішкі істер министрлігінен бір топ жіберілді.

Тегтер: