Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:25, 24 Маусым 2020

Тәлімі ерек Төлеухан аға мемлекетшіл тұлға

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевелімізде 1 миллион 700 мыңдай жеке қосалқы шаруашылық барын, ауылдағыкооперациялық желіні дамыту арқылы олардың жағдайын жақсартуға назар аударғанболатын.

Мамырдың аяғында өткен Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттыққорының басшысы А. Есімов Ақмола облысы, Ақкөл ауданында «Кооператив құруарқылы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру» жобасының сәтті жүзегеасып жатқанынан хабардар етті. Ауылшаруашылығы Министрлігі мен облыс әкімдеріносы жобамен танысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтуға үндеді.

         Бұлжобаның идеясы: Ақмола облысы, Ақкөл ауданындағы белді шаруашылықтардың бірі«Қара найза» қожалығының бастамасымен Азат ауылының тұрғындарын кооперацияғабіріктіру еді. Шаруалардың, әсіресе жеке қосалқы шаруашылықтардың басынбіріктіру көптен шешімін күткен күрмеуі күрделі мәселелердің бірі еді. Осытұрғыдан, ел игілігін ойлаған игі қадам, бар жауапкершілікті мойнына алған «Қаранайза» қожалығының батылдығы ауыл тұрғындарының басын біріктіруге мұрындықболды. Бүгінгі таңда, ауыл тұрғындары осы бастаманың игілігін өз қажеттерінежаратуда. Өріске шыққан малдың күйі жақсарып, бордақылауға қойылған малдардантабыс артты, ал тұрғындардың ауладағы малдарын қараудан қолдары босап, қосымшатабыс көздерін іздестіруге мүмкіндіктері ашылды. Осы бастаманың авторы да,жүзеге асырушысы да кезінде Ауыл шаруашылығы Министрі болған, қоғам қайраткеріТөлеухан Мұратханұлы Нұрқиянов.

 Қазақстан егемендік алғалы еліміздің ауылшаруашылығы саласындамытуға мол үлес қосып жүргендердің бірі – Нұрқиянов Төлеухан Мұратханұлы. Ұстанымыорнықты, сөзідуалы осы бір жанның адамгершілігі, қайраткерлігі және іскерлігі хақындаайтылар жарасымды әңгіме көп. Ширек ғасырдан астам қасында қызмет атқарғанжылдары менің байқағаным азаматтық ұстанымына берік, орамды ойлар айтатынбілімпаздығы, мәселені жөнімен қисынына келтіретін алғырлығы, істің күрмеуінтаба білетін тапқырлығы бар азамат. Әсілі, бағасын білгенге бұл аз байлық емес.Демек, қайраткер тұлғаның сындарлы еңбегін, терең тағылымы мен ұлағатынтереңірек талдау байлықтың көзін ашқанмен бірдей болар.  

Тәлімін көрген, тәрбиесіналған азамат жайлы мақала жазу, әрине, жауапкершілігі зор жұмыс. Өйткені,адамды тауыса танып-білу мүмкін емес. Өзің құрмет тұтқан адам жайлы жасағанбайламдарыммен өзгелер келіспеуі де мүмкін. Мемлекеттік қызметтер атқарғанқайраткер туралы пікір айтатын «сен кім едің?» деген сауалда туындайды.Дегенмен, қол астында қызмет атқарған кезімде көргенімді жазып, білетінімдінеге айтпасқа?! Көкейге түйгенімді жүректен екшеп, ақылмен өлшеп жазуға белбудым. Төлеухан МұратханұлыНұрқиянов қайраткерге лайық парасатты іс атқарып, азаматқа жарасатын абыройлығұмыр кешіп келе жатқан жандардың бірі. Болмысы биязы, бітімі келісті, сөзібайсалды, мінезі байыпты, қызмет атқарған жерінде ортасына сыйлы, ұжымынабеделді азамат. Ауылшаруашылығы саласының өркендеуіне бек мүдделі тұлға. Бұл қайраткердіңқысқа да, нұсқа сипаттамасы.

Біздің таныстығымыз сонау 1993 жылдан бастауалады. Мәскеуден ғылым кандидаттығын қорғап келіп, Талдықорған облысындажаңадан құрылған ғылыми-зерттеу институтына қызметке орналастым. Осы кезеңненбері менің еңбек жолыма зор ықпалы тиген қамқоршы азамат, қайраткерлігі менадамгершілігі қайнаса біткен басшылардың бірі Нұрқиянов Төлеухан Мұратханұлы болды.

 Қазақстанегемендік алған осы жылдары облыстағы ауылшаруашылығы саласындағы өзектімәселелерді талқылауға және науқанды жұмыстарды дер кезінде аяқтауға облыстықмекемелер жаппай жұмылдырылатын еді. Институтта қызмет атқарып жүрген кезімдеоблыстық деңгейде атқарылатын осындай науқандық жұмыстарға жас маман ретіндебелсене ат салыстым. Талдықорған облысында қалыптасқан басшыларының осындай бастамасытәлімі зор тәсілдеме екен. Қоғамдық жұмыстың арқасында облыстағы мекемелердіңбасшылары және белді қызметкерлері бір-бірімізбен тығыз қарым-қатынаста болды.Әр саладағы мамандар өзара араласып, облыста, тіпті республикадағы болып жатқанжаңалықтардан хабардар болып, ақпар алмасып тұратынбыз. Осындай ұйымдастыружұмыстарының ұйтқысы Төлеухан Мұратханұлы еді. Бұл кісіге тән зеректік облыстықмекемелердің басшыларының барлығының аты-жөнін ғана емес, білікті қызметкерлердіңбаршасын жатқа білетін.

1994 жылыалғаш рет республикамызда өндіріс пен ғылымды ұштастыру мәселесі бойынша Қазақауылшаруашылық Академиясы мен облыстық жергілікті атқару органдары бірлесіпагроөнеркәсіп кешені ғылыми-өндірістік Орталықтарын құру бастамасы қолға алынғанеді. Осы бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдаған Талдықорған облысы болды.Облыс әкімі Серік Шаяхметұлы Ахымбеков ғылыми адам болғандықтан, сол кезеңде социалистіктұрпаттағы экономиканы нарықтық жолға бейімдеу мақсатында және «Мемлекеттікменшіктен алу мен жекешелендіру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жолындаүлкен ұйымдастыру жұмыстарын іске асырды. Осы істің басы-қасында әкімніңорынбасары Нұрқиянов Төлеухан ағамыз жүрді. Екі іскер басшының қолдауыменТалдықорған облысында ғылыми-өндірістік орталық құрылды. Орталықтың мақсаттарыныңбір парасы жекешелендіру мәселелерінің бағыт-бағдарын айқындап, шаруашылықтарғакеңес беріп, осы істің ел игілігіне жарауына барынша ықпал ету болатын. Осылауазымға мені ұсынған Нұрқиянов болды. Қоғамдық жұмыстан бастау алғантаныстығымыз, осылай қызметтік жұмысқа ұласып кетті.

 Мемлекетбасшысының тапсырмасына орай, облыс әкімі қойған мақсат ауылшаруашылығысаласындағы нысандардың жұмыстарын саралап, мемлекеттік меншік иелігінен алужолдары мен оларды оңтайлы жекешелендіру тәсілдерін замана талабына сай жүргізуеді. Осы бір күрмеуі күрделі істі жүзеге асыру қарама-қайшылыққа толымүдделерді бір бағытта тоғыстыруды талап етті. Осы сын сағаттарда, облысаумағындағы ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу мен ұқсату кәсіпорындарын барынша сақтапқалу, олардың тауарөндірушілермен қарым-қатынасын нарықтық талаптарға сәйкесжаңаша қалыптастыру, әр өңірдің шаруашылықтарын ерекшеліктеріне орай жекешелендіружолындағы Төлеухан Мұратханұлының қажырлы еңбегі туған еліне деген, сеніптапсырылған қызметіне деген адалдығын көрсетті.

         Шаруашылықтардыжекешелендіру, яғни ұжымның мүлкі мен жерін үлестіріп беру Үкімет қаулысыменанықталғанмен, әр шаруашылықтың ерекшелігіне орай ұтымды шешім табу үшін білімғана емес, біліктілік пен тапқырлық керек болды және бұл әуре-сарсаңы көп шаруаеді. Өкінішке орай, кейде өз мүдделерін жоғары қоятын ұжым мүшелері менөзгелердің пікіріне құлақ аспайтын басшы азаматтардың әрекеттері оңтайлы шешімқабылдауға тұсау болып жатты. Осы кезеңде Нұрқияновтың басшылығымен облыстықмекемелердің қызметкерлері арасынан іріктеліп алынған мамандардан топ құрылып,олар өздеріне бекітілген ауданда жекешелендіру мәселелері бойынша түсіндіру жәнешаруаларға кеңес беру жұмыстарын жүргізді. Осындай жиын топта Төлеухан ағаелдің сауалдарына білікті жауап беріп, кейбір басшылардың пікіріне қайшыкелетін мәселелерді бұғып қалмай, ашығын айтып, жекешелендіру науқаныныңақсамай барша жұрттың игілігіне айналуына бар ерік-жігерін жұмсады. Осы тұстанағыз ерліктің, қайсарлықтың, адалдықтың үлгісін көрсетті.

 Жекешелендірумәселесіне қатысты ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары тікелей ТөлеуханМұратханұлының қатысуымен іске асырылып жатты. Ең маңыздысы, осы мәселеәкімшілік, яғни биліктің ықпалымен емес, Төкеңнің білімділігімен,көрегенділігімен және жеке басының беделімен ешбір дау-дамайсыз ойдағыдайөтіп жатты.Шаруашылық пен өңдеу саласы және ұжым мүдделері арасындағы кейбір алшақтықтардыорнымен орайластырып, жөнімен орнына келтіріп, істің ушығып кетпеуіне жолбермейтін көрегенділік әркімге бұйыра бермейтін қасиет. Уытты сөздерімен,алғырлығымен сынауға келген адамдарды райынан қайтарып, даукес адамдардыңарынын басып, істің оңтайлы шешімін табатын іскер қабілетімен танылды.Мемлекеттік мүддені көздеген қайраткер ретінде «қолдағы барын жоғалтпай, нәрінмолайтыңдар» деген ұстанымға арқа сүйеді.

  Комсомолдабасшылық қызметте жинаған тәжірибесі болар, облыстық деңгейдегі өндірістікмәселелерді жүйелі түрде, кешенді сипатта қарастыратын. Облыстағы озықшаруашылықтарды жекешелендіру барысында, тәжірибелі әрі беделді басшылардыңболмысын тап басып тану, елдің ахуалын байқау, осы арқылы ел мүддесі мен басшыталаптарын шендестіре отырып қисынды қоныммен, дә­лелді тұжырымменсаралап бітім айту – Төлеухан ағаға тән мәнер болатын. Мүдделі тараптарды алаламай, жақынын да жара­ламай,бәріне бірдей әділдікпен қарау ұстанымы арқасында облыс деңгейінде айна­ласына абыройлы,жақындарына сыйлы болды. Осы орайда, алғырлығы,іскерлігі мен әділдігі өз алдына, ұстанымына да тұрақтылық пен тұтастық сайекенін атап өтудің қисыны келіп тұр.

Кейіндері республикалық деңгейде АуылшаруашылығыМинистрлігі жүйесінде қызмет атқарған кезеңдерінде ұстанымының тұрақтылығынатәнті болдым. Ауылшаруашылығы министрлігіне қызметке осы кісінің шақыруымен ауысыпкелген едім. Қызмет бабында ол кісінің қаракеттерінен байқағаным, ойсабақтастығы, пікір жалғастығы әлі үзілмеген. Қажырлы еңбекпен тынымсыз ізденістің арқасында ой-өрісі толысып, тұщымды ой, тұжырымдышешім, дәйекті байлам айтуға төселгені көзге ұрып тұрды. «Тау шыңына шыққан адамның, биікке бойыүйренеді, ал тау бөктерінде жүрген адам сол шыңға өрлеп шықсам деген ізгі тілекпенбиікке ұмтылады» деген тәмсіл бар. Мен де, Төкеңнің өнегесін үлгі тұтып,тәлімін алып, тәрбиесін бойыма сіңірдім. Осындайда, ақыл-ойы жүйрік, біліміұшан теңіз, жандүниесі таза, батылдық пен даналықты бойына сіңіре білген, парасатымен мәдениеті қатар өрілген Төлеухан Мұратханұлымен жолықтырған тағдырғаризамын. Қызмет бабымен Талдықорған облысында басталған ара-қатынасымыз осылайжарастығын тапқан сыйластыққа ұласып кетті.

 Талдықорған облысы әкімініңбірінші орынбасары қызметін атқарған жылдары әріптестері іскерлігін,біліктілігін, күрмеуі күрделі мәселеде істің түйінін әділдікпен жәнекөрегенділікпен үйлестіре білетін парасаттылығы мен мәдениеттілігіне ерекшеқұрметпен қарайтын. Оқығаны, санасына тоқығаны көп, өмірден көргенінен көңілінетүйгені мол, зерделі, кеудесі ізгілікке толы жан екенін сөзімен де, ісімен декөрсетті. Еңбекжандылығы, ізденгіштігі, сөзге құлақ аса білуі бекзат болмысынтолықтырып тұратын. Өмір сүрудегі өзіндік дара жолы мен берік ұстанған қағидасыда ерекше. Облыстық әкімдік қызметкерлері, жекешелендіру науқанына қатысы барбарша ұйымдар ұжымы Төлеухан Мұратханұлының білімі мен біліктілігіне, іскетерең бойлайтын қабілеті мен әділдігіне бас иетін. Республикалық деңгейдееңбектерімен абыройға ие болған, Одаққа танымал озық шаруашылық басшыларыныңбарлығы дерлік Төлеухан Мұратханұлын ерекше құрметтейтін, көбіне шаруашылықмәселелері бойынша ақыл-кеңес алатын. Солардың бір парасы: Социалистік ЕңбекЕрі Зылиха Тамшыбаева, Кеңестік колхоздар Одағы кеңесінің мүшесі ЫбрайымжанҚожахметов, ауылшаруашылығының белді, әрі беделді ұйымдастырушысы КөшкінбайЖанатов және басқалары. Көркем мінезімен,сыпайы жүріс тұрысымен, әдеп инабатымен әріптестері арасында, жалпы облысдеңгейінде өте сыйлы болды. Сол себепті де арамыздағы сыйластықтың жібі әлі жалғасыпкеледі.

Жақсы адамдардың бойында өміргедеген ерекше құлшыныс, ісіне жауапкершілік, жақсыларға жақын жүру, адамдармен сыйласабілу сияқты адами қасиеттер басым болады. Мұндай адамдардың халқы үшін аянбайеңбек етіп, тер төгетіні баршаға белгілі.«Ұлық болсаң, кішік бол» дегенұстанымға сай адаммен сөй­лес­кенде ерекше бірзейін-зер­демен, ықылас танытып, жақын тарта әңгі­мелесетін сәттерінде ішкі жандүниесінің шынайылығы адамды өзіне баурап алады. «Ырыс жұғады, ақыл ауы­сады»дегендей Төлеухан Мұратханұлының осы болмы­сының қалыптасуы өмірінде қызметтесболған жақсы-жайсаңдардың шарапаты, солардың ақыл-кеңесі болар. Мен сыйлайтынТөкең «Сый­ластықтан артық қымбатың болмас» деген сөзді өмірлік қағидасынаайнал­ды­ра білген дана адам. Астанаға келген соң, сонау Талдықорғанөңірінде өзім қол астында қызмет атқарған Серік Шаяхметұлы Ахымбеков бастағанбір топ жерлестер әлі де қарым-қатынастарын жалғастырып, сыйластықпен араласадыекен. Осы жиын топтарда Төкеңнің Серік ағаға деген ыстық ықыласына қарап,«болар елдің баласы бірін-бірі батыр» дейді деген осы екен деген ой түйдім.

         Кезкелген азаматтың өмі­р жолында ерекше орын алатын адам болады. Меніңреспубликалық деңгейдегі қызметтерге араласуыма ықпал еткен, өз бойындағы жақсықасиеттерімен менің ойымды да, бойымды да түзеуіме мұрындық болған – менің ұстазымТөкең. Қызмет бабымен жақсы-жайсаңдардың бар асыл қасиеттерін бойына жинайотырып, артынан ілесіп келе жатқан жастарды да тәрбиелей білген Төлеухан ағаныңөнегелі өмірі мені де өрге жетеледі. Талдықорған өңірінде қызметтес болғаннанбері қанатымның бекуіне, рухани толысуыма, іскерлік қабілеттің ұшталуынаәрдайым қамқоршы болған азаматтық адамгершілігі зор, аузында дуасы бар Төкеңніңөмірі мен үшін өрелі өнеге.

 Төкеңнің ақыл-кеңесі, әрине, өнегеліөмірі, бетімнен қақпай белімді буғаны, менің таным-түйсігімнің ұшталуына, талға­мы­мныңта­разылануына зор әсер етті. Басшымын деп бел­ден баспайтын сыпайы мінезі,не­гіз­гі жұмыс­тар­ды үйлестіруді және шығармашылық ізденісті уысынаншығармай, өзінің тәлімді тәжірибесіне сүйеніп, ақыл-кеңесін қызметкерлердіңсанасына сіңіре білу қабілеті Төкеңе тән жақсы қасиеттерің бірі. Төкеңніңазаматтық тұғырын сомдаған жеке дара қолтаңбасының бір парасы осы қасиет деппайымдаймын. 

 Ауылшаруашылығы саласының, оның ішіндемалшаруашылығының заман талабына сай өркендеуіне Төлеухан МұратханұлыНұрқияновтай еңбек сіңіріп, үлес қосқан адамдар, әрине, бар. Дегенмен, ауылшаруашылығыныңнарық экономикасына бет бұру жолындағы Төкеңнің батыл да, қажырлы еңбегі,ұстанымын дәлелдей алатын күрескерлігі Ауылшаруашылығы Министрлігіқызметкерлерінің көңілінде сақталып қалар өнеге деп санаймын. Толысқан білімі,болмысынан бойына дарыған қабілеті, өмір тәжірибесімен шыңдалған іскерлігіМинистрліктің бәсі мен беделін көтермесе, түсірмегені белгілі. Асыра бағалауданаулақпын, Төлеухан Мұратханұлы еліміз егемендік алған тұста ауылшаруашылығыкешенінің малшаруашылығы саласында бедерлі із қалдырған белдіде беделді,қайраткер азаматтарының алғы тобына кіретініне кәміл сенемін.

  Егемендік алғаннан бері ауылшаруашылығысаласында атқарылған қыруар істердің ішінде малшаруашылығының дамуына мұрындықболған заңнамалық тетіктердің барлығы дерлік Төкеңнің басшылығымен іске асты.Егемендік алып, экономикамызды нарықтық қатынастарға бағыттауда, экономикасубъектілерінің қарым-қатынасын реттейтін заңнамалық негіздерді жүйелеуде,әрине, білім мен біліктілік және өмірлік тәжірибе өте зәру болды. Уақытталабына орай, «бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші Төкеңе осыкезеңде осы істердің тізгінін қолына алуына мүмкіндік берілді. Осы жауаптымиссияны Төлеухан Мұратханұлы абыроймен атқарып шықты. Осы тұста «Ветеринариятуралы», «Асыл тұқымды малшаруашылығы туралы» заңдар әзірленіп, қабылданды. Бұлзаңдар сол кезеңде қабылданған қыруар құжаттардың бір парасы. Осы заңдардыңтолыққанды жүзеге асуына қажет заң аясындағы барлық құқықтық қағидалар,ережелер әзірленіп, іске асты. Осы кезеңде мені тәнті еткен Төкеңнің ерекшезеректігі еді, сонау 1996 жылы Америка құрлығына барып нарықтық экономикабойынша оқып келген дәрістерін ұмытпай, осы білімін еліміздің ауылшаруашылығыннарық жолына бағыттауға оңтайлы қолдана алды.

 Төлеухан Мұратханұлының білімі менбіліктілігі өз алдына, жаңалыққа деген құштарлығы, жаңашылдыққа деген ынтызарлығыерекше азамат. Жаңашылдыққа деген ынтызарлығын сонау өткен ғасырдың тоқсаныншыжылдарынан білемін… Ол кезде республикадағы экономикалық ахуалдың жай-күйібәрімізге белгілі, облыстық деңгейде көктемгі егін егу мен күзгі егін орағынауқандарын өткізу жырға айналатын. Осы кезеңде Төкең ел құлағына әлісіңіспеген форвардтық, фьючерстік мәмілелер ұстанымдарын өндіріске енгізіп,қаржыға қаталаған шаруашылықтардың күрделі мәселелерін шешуде жаңашылдықтанытты.

Республика бойынша барлық облыстақолдан ұрықтандыру мекемелері тоқырауға ұшырап, тозып жатқанда, Талдықорғаноблысында қолдан ұрықтандыру мекемесі «Асыл» жұмысын жандандырып, ғылыми-зерттеуинституттарымен бірлесе отырып, жергілікті мал тұқымдарын өсіруді жаңашаұйымдастыруды бастап кетті. Бүгін күнде республика аясында тек екімаласылдандыру мекемесі жұмыс істеп жатыр, біреуі Талдықорғандағы «Асыл» маласылдандыру орталығы, екіншісі республикалық маласылдандыру Орталығы «Асылтүлік» мекемесі. Екі мекеменің де жұмысын жандандыруға мұрындық болған Төкеңболатын.

Осы орайда, Төкеңе тән ұлтжандылықтыатап өткен жөн. Ұлтжандылық ең алдымен ана тілінен басталатынын ескерсек, Төкеңана тілін де еркін меңгерген жан. Сөзге де шешен, ұтымды сөз қолдануалғырлығымен ұғымға сіңімді, санаға жұғымды тұжырымдауларымен өзіндікқолтаңбасын сомдаған қызметкер. Кейбір теке-тірес кезінде астарлы сөздерменістің дұрыс бағыт алуына төте жол тауып кететін тапқырлық қасиеті де бар. Еңбастысы өзінің еліне деген сүйіспеншілігімен қатар, ұлттық құндылықтардыәспеттеу арқылы Отанымыздың қуатты мемлекет болып, өзіндік сара жолмен дамуынкүйттеген жауапкершілігі зор азамат.

 Төкең жаһандану үрдісіне ілескенмемлекетіміздің өз ерекшелігіне сай жүйе жасау керек екеніне табандылықпенеңбек еткен азаматтардың сапынан табылады. Малшаруашылығы саласында өзгелердіңжүйесін саралай отырып, ол сүрлеуді қайталамай, өз жолымызды табуға ұмтылды.Сырттан келген жөн-жосық пен технологиялардың барлығы бізді тікелей жетістіккежеткізе алмайтынын жақсы түсінген қызметкерлердің бірі болды. Шетелден келгентехнологияны жете түсінбесең, оны енгізгеннен қойыртпақ дүние туатыны белгілі,ол қойыртпақта шаруалар адаспай қайтсін? Осындай бастамаларымен дабыра жасағаназаматтардың жеткен жетістіктері қайда? Әттең, осындайда Абай айтқан елдіңсиқын кетірген әрекеттер белең алғаны көңілге кірбің түсіреді.

Республикалық деңгейде замана желісінеорай, нарық талабы ескеріліп, малшаруашылығы бойынша көптеген жаңа көзқарастарөндіріске жол тартты. Солардың бір парасы: құс шаруашылығы бойынша асыл тұқымды«Астана құс» шаруашылығы болса, ірі қара саласында республикалық маласылдандыру Орталығы «Асыл түлік» мекемесі болды. «Асыл түлік» қоғамы кеңестікдәуірден кейінгі кезеңде ұрықты тоңазытудың жаңа технологиясын /франциялық «IMV»фирмасының тәсілі/ енгізіп, жас бұқашықтарды ұрпағының сапасы бойыншабағалаудың қазақстандық жолын жасап, геномдық технология әзірлемелері негізіндебұқашықтардың санатын ерте жастан анықтау сияқты бірқатар жаңа технологиялардыжүзеге асырды.

 Кез келген жаңашылдық көп күмәнтудыратыны белгілі, осындайда жаңашылдықты жаны қалайтын Төкең осы бастамалардытікелей қолдап, тұмсықтыға шоқыттырмады. Осы тұста қой шаруашылығы бойыншаселекциялық-генетикалық Орталықтар құру бастамасы, ауылшаруашылығы малдары менөсімдіктерінің және микроорганизмдердің тектік қорының /генофонд/ ҰлттықОрталығын құру сияқты отандық ғалымдардың жетістіктерін дәріптейтін және ғылымижұмыстарына серпін беретін жаңа ұстанымдарын қолдап, барынша көмек көрсетті. Әттең,бүгінгі таңда малшаруашылығы саласының кібіртіктеп, өндірімді іс атқара алмайжатқанына кейбір бастамалардың аяқсыз қалуы да себеп болды.

 Малшаруашылығы саласындағы ең ауқымдыжұмыстардың бірі — бұл кең ауқымды селекция ұстанымдарына сүйене отырып,малшаруашылығын дамыту жолдарымен демеу тетіктерін бірегей тұжырымдама аясындашендестіре отырып, бір мақсатқа бағыттау бағдарламасы болды. Осы бағдарламааясында малшаруашылығының дамуына қажет барлық мемлекеттік демеулер менқолдаулар, селекциялық жұмыстар мен мал азықтандыру мәселелерін ғылымиқамтамасыз ету және басқа да жұмысты жандандыратын қосымша тетіктер бір жүйегетоғыстырылды. Осы тұста мал басының есебін дәйекті жүргізу және мал асылдандыружұмысын жандандыру бағытында «кең ауқымды селекцияның ақпараттық-сараптаужүйесі» әзірленді. Бүгінгі таңда бұл жүйе «малшаруашылығындағы ақпараттық-сараптаужүйесі» деген атпен жұмысын жалғастырып келеді. Атауы анықтап тұрғандай бұлжүйе мал басының есебін ала отырып, сол малдың туғаннан бастап, шаруашылықтыңесебінен шыққанға дейінгі /өледі, етке өтеді, сатылады және т.б./ деректерінжинақтап, сол ақпараттарды сараптай отырып малдың санатын /асыл тұқымды мал,тауарлы мал, сойыс малы, т.б./ белгілеп, республикалық деңгейде мал басыныңесебін жүргізуді және маласылдандыру жұмыстарын автоматтандыруды жүзеге асыруғабағытталды.

 Осындай ауқымды істер ТөлеуханМұратханұлының іскерлігін, қарымды қайраткер екенін айқындап, мемлекетшілазамат екенін танытты. Осы орайда, Абай атамыз сипаттаған қазақтың«намысқорлық» мінезі ойға оралады. Ортақ істе өкпе, араздыққа қарамай, жанынсалысатынын қазақ намысын ескерсек, қаншама қолдан жасалған қарама-қайшылықтар,қисынсыз ұсыныстар, қарсылықтар туындап жатса да, Төкең өзіне тәнқарапайымдылықпен бәрін бірлікке үндеп, ауылшаруашылығы мәртебесін өсіруге барбілім-қабілетін жұмсады. Міне, кісілік. Рухы мықты, ұстанымы дәйекті адамның кішіпейілділікпен-ақкүрмеуі күрделі мәселені шеше алатынын Төкеңнің осы қаракетінен көруге болады.Қарапайым мінезімен-ақ малшаруашылығының қамын қамдап, оның ыстық-суығынатөзіпжүрген қайраткер екені барша қызметкерлерге үлгі-өнеге.

 Төлеухан Мұратханұлының жеке басына тәнкейбір ерекшеліктерінің тәлімдік өнегесі мол. Төкең негізгі құжаттарды жазудыжәне алдындағы құжаттарға түзетулер енгізуді қарындашпен атқаратын.Осы әдетінетәнті болдым, өйткені бұл кеңселік құжаттарды дайындауда өте оңтайлы әдіс. МенМәскеу академиясында оқып жүргенімде, ұстазым Шангин-Березовский біздістуденттерді зертханалық жазбаларды тек қарандашпен жазыңдар деп үйреткен еді.Біріншіден, түзетуге ыңғайлы, екіншіден су тисе немесе малдың қаны мен экскременты/нәжісі/ шашырап тисе, тіпті химреактивтер тиіп кетсе де қарандаш реакцияғатүспейді, жазуың сақталады дейтін. Төкеңнің қарандашпен жазу әдеті ұнамағансөзі мен сөйлемдерін өшіргішпен өшіріп, қайта жазуға ыңғайлы жағын қарастырғанышығар.

Төкең мінезі жайлы адам, бастамалардың,идеялардың авторы болса да кеуде соқпайды, бәзбіреулерге ұқсап алқынып мінбергеде ұмтыл­майды, көсемсіп көп сөйлеуге де көңілі шап­пайтын ізеттілігібойынадарығанжақсы қасиет. Баяндама дайындағанда бағыт-бағдардан ауытқымай, пікірайтыларда тыңдармандардың санасын сілкінтіп, сезімін селк еткізетін сөзорамдарын пайдалануға төселген қаламгерлік қабілетібар қызметкер.

Жиырма бірінші ғасыр – ақпараттарғасыры екені белгілі, біліміңді ұштап отыру үшін ақпарат легін оқып қанақоймай, санаға тоқып үлгеруің керек және оны қолданысқа енгізе алу керек. Осыорайда, Төкеңнің болмысынан бойына дарыған зеректігі, алғырлығы және өміртәжірибесімен сомдалған іскерлігіне тәнті боласың. Қандай күрделі мәселе болсада, сол проблемаға терең бойлап, шешімін тауып, уақытты қадірлей біледі. Шираққимылы, жүріс-тұрыс әдебі, кішіпейілділігі, артық сөз айтпауы кез келгенқызметкерге үйренуге тұрарлық өнегелі қасиет. Кез келген қоғамда мемлекеттіңөркендеуіне, белгілі бір саланың өрістеуіне зиялы адамдар ықпал етеді. Әрине,зиялы қауым дегеніміз сауатты ғана емес, білімділігімен қатар қоғамдық дамудыңзаңдылығын түсінетін, атқаратын қарекеттің нендей нәтиже бере алатынынбағдарлай алатын, шешуші сәтте соған бағыт бере алатын қайраткерлер. Осытұрғыдан Төкең зиялы қауымның белді мүшесі дер едім.

 Ата-анасына деген сүйіспеншілігі,жарына деген шынайылығы, балаларына деген мейірімі әдепті адамның адамгершілікқасиетін асқақтатып тұрғандай. Қым-қуыт жұмыс, қарбалас шаруа бастан асса да, ата-анасынакөңіл бөлуді әсте естен шығармайтын жүрегі нәзік жан. Әпкесі, іні-қарындастарынадеген ықыласы, оларға көрсеткен ағалық ізеті бауырмалдығын дәріптегендей.Жалпы, ағайын-туысқа қана емес, дос-жараны бар, барша адам баласын қадірлейбілу Төкеңнің негізгі ұстанымы сияқты. Тумысынан бойына біткенқарапайымдылығына сай, ешқашан адамдарға жасаған қамқорлығын дабыра етпейтін,қазақы әдеппен сыйластыққа жүгінетін. Әрдайым әдеп сақтап, кішіпейілділіккөрсетуімен көпшіліктің көңілінен шығатын жақсы қасиетке ие.

 Сынаптай сырғыған уақыт. Бүгін міне,Төлеухан Мұратханұлы ауылшаруашылығына қосқан орасан үлесімен, қыз­меттегі бекембеделімен, ағайын және дос-жаран арасындағы абыройы­мен, еліне дегенақпейілінен ауыт­қымай жетпіске келіп отыр. «Айтарыңды айтып кет, айта алмассыңқайтып кеп» дегендей мақтау мен мадақтауды аса қажет етпейтінін білсем де, қасымыздажүрген аға қайраткердің өзін­дік әлеміне үңілгенді, байқа­ға­нымды көп­шілікпенбөліс­кенді жөн көрдік. Бар нәрсені бағалай білу де, ағаларды ағалай білудеменің інілік парызым деп пайымдаймын. Даныш­пан Абай «Жақсы болсаң, жарықты кімкөрмейді» деген емес пе, жақ­сысын жадында сақтаған халықтың ұрпағымыз ғой.

  Төлеухан Мұратханұлына тән азаматтық асылдықтыңбір көрінісі – жас жетті, қайрат кетті деп зейнетке кетіп, отбасында байырқалапқалмай, әлі де еліне қызмет етуін жалғастырып, шаруалардың шашырап жатқаншаруасын ортақ мүддеге тоғыстырудың тиімді тәсілдерін өндіріске енгізуді жүзегеасыруда. Бүгінгі таңда, Қазақстанға тән жеке шаруалардың өз шаруаларын өздерікүйттеген күйкі тірлігіне, кооперация тетіктері арқылы дем беріп, бір жағаданбас, бір жеңнен қол шығаруға жұмылдырудың оңтайлы жолдарын саралау жолында.Қазақстанның егемендік алған кезеңінде малшаруашылығы саласының нарықтықэкономикаға еркін бойлауына мұрындық болған Төлеухан Мұратханұлының білімі менбіліктілігі шаруалардың ынтымағын ұйытатын тегеуірінді тетіктерді игеруге дежететініне сенімдімін. Алла ағамызға қуат берсін! Әрдайым жаңашыл ізденістердіңортасында маңдайы жарқырап жүре беруіне тілектеспін! Өмір жолындағы жетіншібелес құтты болсын!

Айбын ТӨРЕХАНОВ,

професссор.

Тегтер: