Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:52, 25 Қаңтар 2024

Таразда құдықтан белгісіз ер адамның денесі табылды

қылмыч
Фото: из открытых источников

Таразда құдықтан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп жазды Zhasalash.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесін жергілікті учаскелік полицей аумақты тексеру кезінде тауып алған.

«Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде учаскелік полиция инспекторы Тараз қаласындағы шағынаудандардың біріндегі үй артындағы құдық ішінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ, 50-60 жас шамасындағы белгісіз ер адамның денесін тапты», - делінген хабарламада.