Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:28, 19 Қараша 2021

Тараздың «Бәйтерек» ықшам ауданының мәселелері көп

None
None

         Тараз қаласындағы 13-ықшам ауданының орталық су құбырлары мен жолдағы шұқырлардың қақпағы жабылмаған.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерге жиі шағымдарын жасайды. Біз арнайы «Бәйтерек» ықшам ауданына  барып, мән-жайды өз көзімізбен көріп қайттық.

         «15-18.11.2021ж. Жамбыл облысында 30 м/с дейін желдің ұйытқу қатері» — деген, «112» шұғыл нөмірі сөзінің жаны бар екен. 13-ықшам ауданының тұрғындарының барлығы дерлік асығыс-үсігіс, бастарын бүркемелеп үйді-үйіне кетіп жатыр.

         13-ықшам аудан қаладағы жаңа аудандардың бірі болса да, орталық су құбырлары мен жолдағы шұқырлардың қақпағы жабылмаған. 10 үйдің тұрғыны Қасым Бейсенбаев: «дәл осы шұңқырлардың кесірінен, құдам машинасының дөңгелегін жарып алған» — дейді. 

-Мына люкты жабу керек. Осының ішіне құлаған бала аман қалады ма, білмеймін?! Мынаусының да бетіндегі қақпағы жоқ. Осыларға жауапты мекемеге қайта-қайта хабарласқанмын. «Болды, болды қолға аламыз!» — дейді, алты айдай өтіп кетті, еш жасыратыны жоқ. Нұр-сұлтаннан құдаларым келген еді. Біреуінің көлігі түсіп кетіп дөңгелегі жарылды. Содан кейін барып өзім бітеп шықтым. Осы үйлерді былай шеңберше айналып шықсаңыз шұқырлардың бәрі ашық. Өзімнің жүретін жолдарыма тастарды салып бекіттім. Басқа тұрғындар да өз қамдарын солай жасады. Бұлардың бәрі суға арналып жасалынған ғой. Ертең не боларын білмедім? Әйтеуір, балалар құлап кетпеді. Құдай сақтасын! Осыны қолға алыңдаршы! Әйтпесе, бір күні тағы біреудің дөңгелегі жарылады. Бір жақсысы үйдің ішінде проблемамыз жоқ. Жергілікті әкімдік тұрғын үйімізің алдындағы ойын алаңдарын жаңалап берсе екен. Қанша дегенмен де ескірді ғой.

         «Бәйтерек» тұрғындарының арыз-шағымдарына Жамбылдағы қатты жел басылған соң, қала әкімі Ержан Жылқыбаев «Жас Алашты» оқып әрекет етсе екен деген ниеттеміз.

Тегтер: