Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:20, 23 Шілде 2023

Тараздық оқушылар инсульт белгілерін анықтайтын «ақылды сағат» ойлап тапты (видео)

None
None

Тараздық оқушылар инфаркт пен инсультті уақытында анықтауға көмектесетін «ақылды сағатты» ойлап тапты.

Бұ туралы «Хабар 24» жазды.

Құрылғы жағдайы ауырлаған науқастың жақындарына дереу хабар беріп, өздігінен жедел жәрдем шақыра алады.

Тараздық Дулат Исабек пен Адия Тұрсынбай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейде оқиды. Олар «Екінші жүрек» деп аталатын смарт сағатын 3 ай ішінде жасап шыққан. Ақылды сағат инфаркт пен инсульт белгілерін уақытылы анықтауға көмектеседі.

«GPS адам талған жағдайда, көрсеткіштер төмендеген жағдайда бізде жақын туыстары мен емханаға хабарлама жіберіледі. Міне, бізге хабарлама келді. Басамыз. Міне, талған адамның мекенжайы. Қолға тағылатын құрылғы жүрек соғысын, қандағы оттегі коэффиценті мен дене температурасын көрсетеді», — дейді жас өнертапқыш Адия Тұрсынбай.

Жас өнертапқыштар ақылды сағаттың өз қосымшасын да жасап шыққан. Онда жасанды интеллект жұмыс істейді.

«Google ассистент көмекшіміз науқас адамның кез келген сұрағына жауап береді. Көбінесе науқас адамдар ұсақ-түйек үшін емханаларға барады. Осы науқас адамның уақытын үнемдеу үшін және де дәрігердің жұмысын жеңілдету мақсатында біз осындай көмекшіні енгіздік», — дейді  жас өнертапқыш Дулат Исабек.

Ұялы қосымшада дәрігердің бекіткен дәрі ішу кестесі де енгізілген. Жас ғалымдар енді смарт сағатты қалалық емханалардың бірінде іс жүзінде сынап көрмек.

«Ол жерде бізге 3 пациент береді. Олардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Не себепті? Өйткені әр көрсеткіштер жасына қарай әр деңгейде көрсетеді. Өнертапқыштар ыңғайлылық үшін құрылғының көлемін кішірейтіп, одан әрі жетілдірмек. Алдағы уақытта қан қысымын өлшейтін қондырғы қосу жоспарларында бар», — дейді жоба жетекшісі Мейрамгүл Орынбаева.

Тегтер: