Тарихқа тәуелсіз көзқарас немесе 9 Мамыр қандай күн?
Биыл коронавирустың таралуына қарсықауіпсіздік талаптарына сәйкес, 9 Мамырда Жеңіс күніне арналған дәстүрлісалтанатты шаралар Қазақстанда, ТМД-ның басқа елдерінде өтпеді.
Енді қауіптідерттің сейілмеуіне қарамастан, алдағы 24 маусымда Ресей тиісті парад қайтсе деболатынын жариялады. Путин үшін аталған шара құлдыраған рейтингін қайтарудың,сонымен қатар өзінің билігін өмір бақилық етуді көздеген үгіт-насихаттыжандандырудың амалы екені түсінікті. Тек тарихты саясиландыруға бағытталған осындайәрекеттерге біз қалай қарауымыз керек?
Тарихқа ортақ ой мен ұстанымның болмауықандай да бір қоғамның іштей араздығын қоздырып, оның әлсіреуіне, сыртқыықпалға бейім болуына әкеледі. Қазақ елі үшін осындай сезімтал тақырыптың бірі9 Мамырмен байланысты. Жыл сайын аталып өтетін осы күн қоғамда қызу пікірталастудыратыны жасырын емес. Бірі оны Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен Кеңес Одағыхалықтарының ортақ мерекесі деп таниды. Басқалары ондаған миллион адамныңөмірін жұтқан нәубетті қуана тойлаудың еш реті жоқ, бұл қайғы мен еске түсірукүні деп санайды. Енді бірі екі басқыншы империя теке-тірескен, қазақ үшінбөтен, кескілескен ұрыс деп ұғынады. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс деген әңгімеәркімнің жеке басының ісі мен ұйғарымы. Алайда әділ һәм негізді тұжырым жасауүшін нақты тарихи деректерге үңілген қашанда негізді.
Билік кімнің қолында болса, тарихты да солжазатыны, тиісінше өзінің ыңғайына бұрмалап отыратыны белгілі. Ең сорақысы – Қазақелінде көптеген шешуші оқиғаларға қатысты түсінік әлі де Кеңес Одағы, қазіргіРесей насихатының құрсауында қалып отыр. Оның алдамшы тұстары шаш етектен.Мәселен, бүкіл әлем 1939-45 жылдардағы ғаламдық қырғынды Екінші дүниежүзіліксоғыс деп атаса, бұрынғы КСРО кеңістігінде ол Ұлы Отан соғысы болып белгіленді.Неліктен?
Соңғысы – Сталиннің ойлап тапқан айласы.Мақсат – соғыстың алғашқы екі жылында Берлин мен Мәскеудің одақтас болғанынжасыру. Ақиқатында, Рибентроп-Молотов шарты бойынша 1939 жылы тоталитарлық қосимперия тұтастай Шығыс Еуропаны қанды бөліске салған еді. Германия Ұлыбритания,Франциялармен соғысып жатқанда, Сталин Гитлерге мұнай, темір, шойын, басқа дашикізат тасып, көмек қолын созды. Тіпті екі агрессор Польшаны басып алғанда,советтік Қызыл армия мен германиялық Вермахт әскерлері Брестте бірлескен жеңіспарадын өткізген.
Тек 1941 жылғы 22 маусымда Гитлер менСталиннің арасы ажырап, «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» демекші,жауласпауға амалы қалмады. Әу баста қос диктатор да Еуропаны басып алуға, алодан кейін өз үкімін күллі әлемге жүргізуге ұмтылды. Бұл бәсекеде ерікті дееріксіз одақтастарының сүйемелдеуімен Сталиннің бағы жанды. Нәтижесінде 1945жылдан КСРО ыдыраған 1990 жылға дейін Мәскеу Еуропаның тең жартысына тізесінбатырды.
Алайда жеңіске жету жолында Сталин асқанжауыздықты тек қарсыласына ғана емес, өз азаматтарына да қолданды. Соғысжылдарында 3 миллионға жуық Кеңес Одағының азаматтары ГУЛАГ деп аталғанконцлагерьлер жүйесінде қамалып, азапталды. Сондағысы екі майданда соғысқанГермания жеті жылға созылған қырғында 6,5 миллион адамынан айырылса, бірмайданда соғыс жүргізген КСРО төрт жылдың ішінде 42 миллионнан астам азаматыныңөмірін құрбан етті. Қалайша? Сталин қоршауда қалған талай дивизия мен полктардыкөмексіз қалдырып, өлімге қиды. Аман шыққандарын немістің жансызы ретіндетүрмеге жапты. Сталиннің сүйікті қолбасшысы Жуков «сарбаздар қырыла берсін,орыс әйелдері әлі туып алады» деп, аяушылық сезімнен жұрдай екенін көрсетті.
Жеңіс күніне оралсақ. Онысы 1947 жылданбастап, Кеңес Одағында мүлде аталып өтпеді, тіпті кәдімгі демалыс күні деболмады. Не себеп? Сталин фашистерді тізе бүктірген жеңіс солдаттары менофицерлерінен, олардың жоғары рухынан қорықты, оған олардың рухын сындыру керекболды. Бірі қуғын-сүргінге ұшыраса, бірі жоқшылыққа душар болды. Соғыстамүгедек болған миллиондар Мәскеу, Ленинград, басқа да қалалардың көркін бұзбауүшін жер аударылды, колонияларға тықпаланды. Арада тек 20 жыл өтіп, куәгерлерсирегенде, 1965 жылы ғана бұл күн мерекелер санатына қосылды.
Бірте-бірте 9 Мамыр өткен соғыс құрбандарымен ардагерлеріне тағзым етудің орнына КСРО көсемдерін ұлықтау шарасынаайналды. «Сталин, Жуков, Брежнев болмаса, жеңіске жету неғайбыл еді» сындылақаптар кеңінен тарады. Екінші жағынан, бұл күні өтетін әскери парад арқылы Кремльбейбітшілік емес, қоршаған әлемге сес көрсетуді дағдыға айналдырды.
1991 жылы Кеңес Одағы күйрегеннен кейіноның саяси мирасқоры Ресей бұл бағытта жаңа мифті ойлап тауып, саясиландырды.Олардың қатарында ортақ жеңісті меншіктеу әрекеттері кеңінен қолға алына бастады.Президент Путиннің өз сөзіне сүйенсек: «Ешкімді кемсіткім келмейді, бірақ Ұлы Отансоғысында Ресей басқа одақтастарының көмегінсіз-ақ жеңер еді».
Антифашистік коалицияға енген АҚШ,Ұлыбритания, Франция, көптеген басқа елдердің үлесін санамағанда, жалғыз ғана қазақжерінен Екінші дүниежүзілік соғыста қан майданға 1,5 миллион азамат аттанып,олардың тең жартысы оралмады. Әрбір екінші оқ қазақтың қорғасынынан құйылды,әрбір үшінші танк қазақтың темірі мен шойынынан жасалды, ет, бидай, күріш, жүн,көптеген басқа да маңызды өнімдер зор көлемде Қазақстаннан жөнелтілді. Осындайқұрбандықтың бәрін жоққа шығарған өзімшіл саясатты қалай бағалауға болады?
9 Мамырды желеу ете отырып, оны қоршаған әлемгесес көрсету құралы ретінде қолданудың ендігі көрінісі – бүгінгі Путин билігіжеңістің рәмізі ретінде ұлықтаған Георгий лентасы. Бірақ бұл лентаның соғыскезіндегі Кеңес Одағына да, оның Қызыл армиясына да еш қатысы жоқ. Керісінше,ол власовшылар сияқты фашистердің жағына шығып кеткен сатқындардың белгісі-тін.Енді XXI ғасырдың басында осы жалған рәмізді Кремль бұрынғы «халықтар түрмесін»тірілтудің жаршысына айналдыруда. Сәйкесінше, Георгий лентасы Украина,Беларусь, Қазақстан және бұрынғы КСРО-ға енген басқа республикалардасепаратизмнің нышанына айналып отыр. Ал енді ТМД кеңістігіндегі басқа әріптестеросы арандатуға тыйым салып, ұлттық қауіпсіздігін ойлап отырғанда бізде Георгийленташыларының тайраңдап жүргені қатты алаңдатады.
Соғысты бұрмалау әрекеттері мұнымен шектелмейді.Әсіресе соңғы жылдары Кремль мұнымен қатар, миллиондаған жазықсыз адамныңөмірін жалмаған қуғын-сүргінді ақтап шығуды, ашаршылықтың қажет, тіпті пайдалы болғанындәлелдеуді көздеген насихат жүргізуде. Ресейде Сталинді, онымен бірге Дзержинский,Берия, Ягода, Хрущевті ұлықтау, оларға ескерткіштер орнату, фильмдерде жағымдыетіп көрсету әрекеттері жылдан-жылға үдеп барады.
«Өлмес полк» та осындай жобаның бірі. Олардыңарасынан ата-бабаны қастерлейміз деген желеумен соғыс кезінде ғана емес, бейбітөмірде мыңдаған совет азаматын аяусыз азаптаған, совет әскерлерін тұтқиылданатқан СМЕРШ-тің қанішерлері, жүкті әйелдерді айуандықпен атқан НКВД жендеттерініңсуреттері табылуда. Насихатқа уланған жұртшылық балаларын сол НКВД-ның формасындакиіндіргені, жастары «Можем повторить» деп ұрандатуы жаға ұстатады.
Ал Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынакелсек, ол 9 мамыр емес, 1945 жылғы 2 қыркүйек деп саналады. Себебі Еуропадасоғыс оты өшкенімен, солдаттардың басым бөлігі үйге оралған жоқ, олар Жапониянытізе бүктіру мақсатымен Қиыр Шығысқа аттанған-тын. Сондағысы 9 мамыр болсын, 2қыркүйек болсын әлемдегі басым көпшілік халықтар үшін бұл – ұлттық аза тұту,өткенді ардақтау, ардагерлерді ұлықтау күні. Ресей, тағы бірен-саран елдерден басқа,ешкім 70 миллионға жуық адамның өмірі қиылған қаралы күнде от шашып, концертқойып шаттанбайды.
Осындайда көзі тірісінде орыс халқыныңар-ожданы саналған жазушы Виктор Астафьевтің «Қарғыс атқандар мен қазатапқандар» романы еске түседі. Онда мынадай ауыр сөздер бар: «Бұл соғыста бізқанша адамнан айырылдық? Шынайы санды айтудың өзі қорқынышты. Ал оны атағанкүннің өзінде, парадтың орнына Жеңіс күні қара жамылған күйі Ресейдің ортасындажауды орыс қанына батырып, жеткен жеңіс үшін бүкіл халықтан тізерлеп тұрып кешірімсұрау керек». Немесе сұрапыл соғысты бастан-аяқ өткен маршал Иван Коневтіңжазғанын келтірейік: «Жеңіс дегеніміз не? Ең алдымен, бұл – бүкілхалықтыққайғы-қасірет. Қаза болған жандарды еске алатын, аза тұту күні. Адамдардың көзжасы мен қанына толған өзендер. Бұл – миллиондаған мүгедектер мен жетімдер, қараусызқалған қарттар, миллиондаған тағдырлардың тауқыметі, фашистік, кейіннен кеңестіклагерьлерде азапталып өлтірілген миллиондаған патриоттар».
Өзімізге оралсақ, 1939-45 жылдардағықантөгісті бүкіл әлемнен оқшауланып, Отан соғысы деп атау ағаттық. Дұрысы –Екінші дүниежүзілік соғыс. Біріншіден, бұл соғысты бастаған қазақ емес.Қазақстан Ресейге бағынышты ел ретінде соғысқа қосылуға мәжбүр болды. Атапөтерлігі, Ресей патшалығы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде де, 1916 жылықазақ жігіттерін майданға тартуға ұмтылды. Алайда оны бөтен соғыс деп білгенхалқымыз көтеріліске шықты. Арада ширек ғасыр өткенде зиялылары жаппай атылып,ақыл-намысы жаншылып, есеңгіреген қазаққа КСРО-ның үгіт-насихаты сіңді. Соданбарып ол Екінші дүниежүзілік соғысты өзінікі деп таныды. Екіншіден, Отан соғысыдерліктей қан майдан қазақ жерінде болған жоқ. Үшіншіден, бұл жеңістіңнәтижесінде Қазақ елі жетістікке емес, Арал мен Семей апаты, жастарының ұлттықболмысын ұмытып, орыстандырылуы, Желтоқсан қырғыны сынды жаңа қасіреттергедушар болды.
Екінші дүниежүзілік соғысқа әлемнің ұзынсаны 70-ке тарта елі қатысқан екен. Олардың көпшілігі сол тұста бодан қалпындаеді – Үндістан, Ирак, Таиланд, Зимбабве, Мысыр, Сенегал, Алжир т.б. Қазақ, украин,өзбек, әзірбайжандар Ресейдің отарында болса, жоғарыда аты аталған елдерҰлыбритания, Франция, Голландия секілді империялардың отарында болды. Алайдатәуелсіздігін алысымен бұл мемлекеттер өздерін қыспақтап араластырған соғыстыбіздікі деп санауды қойды. Парад та өткізбейді, демалыс күні деп тежарияламайды, тек сол зұлматты қайғыра еске алады. Өйткені бұрынғыметрополиядан ажырап, өздерін дербес ұлт ретінде сезінеді. Өйткені ұлттық тарихынбұрынғы қожайындарының айтқанымен емес, өздерінің азат ықтиярымен ғана айқындапбағалайды. Осы жайт қазақты да ойландырар кез келді.
Дос КӨШІМ