Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:03, 27 Наурыз 2020

«Тарта жесе тай қалар»

Коронавируссалдарынан елімізде қалыптасқан қазіргідағдарыстың беталысы ұзаққа созылатын түрі бар.

Осығанбайланысты баршаны үнемшілдікке шақырып, Республикалық қор құру туралы елбасыныңүндеуін қоғам әрқилы қабылдап жатыр. Бизнесімығым қалталылар қолдау көрсетсе, қалтасы тесік жұрттың біразы қарсылықбілдіруде. Әрине, мұндай нәзік мәселеде шешім қабылдау әркімнің өз қалауындағынәрсе. Ең бастысы, төтеннен келген зауалды бірлескенде ғана жеңетініміз айқынбоп қалды.

Осы орайда, мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік жастар кадрлық резервімен өткен кездесудесөйлеген сөзі ойға оралады. «Осы жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердіңсаны біртіндеп қысқарады. Үнемделген ақша олардан гөрі пайдалыраққызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсалады», – деген болатын президент.  Міне, әңгімені осыдан бастауымыз керек.

 

БІРІНШІ. Бүгінгідей ел басына күн туған сындарлы кезеңде шектен асаұлғайып кеткен мемлекеттік басқару аппаратын қысқартуды бұдан арыға соза берудіңеш қисыны жоқ. Белгіленген жұмысты дәл қазірден қолға алғанымыз жөн.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевосыдан бес жылдай бұрын: «Қазақстан экономикасында жұмыс істейтіндердің 21пайызы шенеуніктер немесе ұлттық компаниялардың менеджерлері екен. Біздіңелімізде шенеуніктер саны басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте көп. Мәселен,Америкада – 14, Австрияда 10 пайыз. Ал 128 миллион халқы бар Жапонияда небәрі9000 ғана шенеунік бар. Бізде 18 миллион халыққа – 100 мың шенеунік», – депайтыпты («Жас қазақ» газеті, 15.07.2015 ж.).

Иә, одан бері де ештеңе өзгереқоймады, бастық болғысы келетіндердің қатары азайған емес. Жапонияда бір шенеунікке14 мың адамнан келсе, бізде бір шенеунікке 180 адамнан келеді. Статистикабойынша, еліміздегі бюджеттік мекемелерде 275мың қызметкер,басқарусалаларында92 240 шенеунік жұмыс істейді.

Үкімет жоспарында қысқартуға түсетіндердің қатарын 2024 жылғақарай 25 пайызға жеткізу көзделіпті. Дұрыс-ақ. Алайда мемлекет мүддесітұрғысынан ойласақ, қоғамға пайдасы жоқ қызметкерлерді бес жыл бойы асыраудыңне қажеті бар? Ағылшын саясаткері Эдмунд Берк:  «Билік көп болған сайын, оның тәбетінқанағаттандыру қаупі де көбейе түседі», – деген екен. Ендеше, министрлік пенәкімдіктердегі, ұлттық компаниялардағы көдедейкөп орынбасарларды, «барып кел, шауып келмен» отырған мыңдаған кеңесші,хатшы, көмекші, офис-менеджерлерден дәл бүгін арылсақ, ортамыз ойсырап қалмасыанық. Оларды қайта мамандық даярлау курсынан өткізіп, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылысшы, дәнекерлеуші,жүргізуші, кірпіш қалаушы сияқты адам күші жетіспейтін салаларға жіберсек,әлдеқайда тиімдірек іс болар еді.

Адамзат тарихында мемлекеттікаппаратты 25 пайызға қысқарту оқиғасы 1985 жылы Англияда жүргізілген екен. Биліктіңжоғарғы эшелонынан – 19, орта буыннан – 7,2, төменгі буыннан 10,4 пайызмемлекеттік қызметкерлер орнынан босатылып, әлеуметтік-тұрмыстық салаларға жіберілген.Үнемделген қаржы елді цифрландыру мақсатынажұмсалған. Еуропа елдері төртіншіиндустриалдық революция аясында басқарудың осындай жаңа стандарттарын енгізіпжатқан кезде біздің әлі күнге кеңестік жүйенің сарқындысына батып отырғанымызайтуға ұят.

Мен заң университетініңаспирантурасында жүргенде Дания мемлекетінің басқару құрылымын біршамазерттеген едім. Монархиялық ел саналатын, бірақ демократиялық құндылықтарды ерекшепір тұтатын кішкентай Даниядамемлекеттік органдардағы басшы тұлғалар өте аз. Бастықтарды қарапайым жұрт іздемейдіде, қажетсінбейді. Есесіне мемлекеттік құрылымдардың жұмысы өте жетілдірілген.Цифрландыру нәтижесінде 14 округтік кеңес пен 275 муниципалитет, ведомстволарөзара ортақ электронды желімен байланыстырылған. Әрбір азаматтың жеке электрондыкабинеті бар, үйден шықпай-ақ, интернет арқылы мемлекеттік органдарментілдесіп, 10 минутта шаруаларын бітіре алады. Мұндай жүйе жыл сайын бюджеттің20 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Әрине, мұндай жаңаша қадамдар біздің елде де қолға алынабастағанына біршама уақыт болды. «Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасының «Цифрлық мемлекетке көшу» бағыты халыққа қызмет көрсету функцияларын түрлендіруді мақсаттұтады. Болашақта бірін-бірі қайталайтын мемлекеттік құрылымдар, басы артықлауазымдар өзінен-өзі жойылатыны анық. Көмекші, кеңесші, атқосшы дейтіндердіңеш қажеті болмай қалады. Басшылар қайда жүрсе де, өз мекемесіндегі қызметағымын смартфон арқылы қадағалап отыруға мүмкіндік алады. Екінші жағынан, бұлцифрландыру билік органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі. Адамдартұрмыстық мәселесін шешу үшін әкімдерді іздемейтін, құжат жинау үшін біроблыстан бір облысқа шапқыламайтын болады. Бірақ бұл жетістікті халық болашақтаемес, бүгін көргісі келетіні ақиқат.

ЕКІНШІ. Елде төтенше жағдайдың енгізілуінебайланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысынан айырылған 1,5 миллиондай адамға 42мың теңгеден берілетінін айтты. Орынды шара. Бірақ төтенше жағдай өткенненкейін олардың жағдайы не болмақ? Жұмыссыз отырған, табысы төмен отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатындарқайтпек? Осы орайда, коронавируспен күреске $15,5млрд қаржы бөлген Түркия президенті Реджеп Ердоғанның ең төменгізейнетақыны тұрақты түрде 1500 лираға (105 мың теңгеге) дейін көтерген әрекеті үлгіболуға тиіс деп ойлаймыз.

Қазіргіуақытта еліміздегі ең төменгі зейнетақы – 16 839, еңтөменгі күнкөріс деңгейі – 31 183, ең төменгі жалақы 42 500 теңге көлемінде. Азық-түлікқымбатшылығы, коммуналдық төлемдер қос өкпеден қысқан кезде болмашы қаражаттықай жағына жеткізерін білмей отырғандарға қалай көмектесе аламыз? Оның көзі –үнемшілдікте.

Мысалы, өткен жылдан бері Қазақстанда  бюджет қызметкерлерініңжалақысын 25 пайызға  көтеру ісі жалғасуда. Бұл мақсатқа 2019-21 жылдарықосымша 980 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын. Биыл орташа айлық жалақы алғаш рет 200 мың теңгеденасты. Нұр-Сұлтан қаласында 308 мың теңгеге жетті. Бұлретте дәрігерлер, мұғалімдер, балабақшатәрбиешілері мен техникалық жұмысшылардыңеңбегін лайықты бағалауды қолдаймыз. Бірақ мемлекеттік басқару саласындағықызметкерлердің жалақысын одан ары көтеруді тоқтатып,үнемделген 980млрд теңгені халықтың әлсіз топтарына бөліп беруді қарастыруды ұсынамыз.

Үнемшілдіктің екінші бір көзі – 1 млн теңгеден (одан да жоғары) жалақы алатын мемлекеттікқызметкерлердің тәбетін шектеу. Парламенттің екі палатасындағы 156 депутат,министрлер, әкімдер, комитет төрағалары, облыстық деңгейдегі басшылар, «А» корпусының мемлекеттік қызметкерлері,жоғарғы сот және аймақтық соттардың судьялары,  прокурорлар, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» сияқтыұлттық компаниялардың (еншілестеріменбірге) топ менеджерлерінің еңбекақысын Нұр-Сұлтандағы орташа айлық деңгейінен асырмау шараларынзаңдастыру керек және оларға қосымша берілетін бонустық төлемдерді мүлдетоқтату қажет. Бүгінде олардың 70 пайызы үйлерінде қашықтан жұмыс істеугекөшті. Ендеше, үйде отырғандардың күнкөрісіне 308мың теңге артығыменжетпек.

«Көппен көрген ұлы той» дейдіқазақ. Бұл ұсынысты халық қамын ойлайтын саналы депутаттарымыз да, ел бастаған лауазымдышенеуніктер де бірауыздан қолдайды деп сенеміз.

ҮШІНШІ. Уақытсұранысына орай, мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдарыжүйесіндегібірін-бірі қайталайтын құрылымдарды оңтайландыру қажеттігі туындап отыр.Әсіресе денсаулық сақтау, білім беру, спорт, табиғат қорғау сияқты салалардаминистрліктер мен әкімдіктерге қарасты қосарланған департаменттер, басқармалар,мамандық жетілдіру институттары бюджетке орасан зор ауыртпалық түсіріп отырғаныжасырын емес.  Оларды қысқарту немесебіріктіру шараларын неге қарастырмасқа?

         Көзіммен көрген бір мысалды айтайын. Кезінде қоршаған ортанықорғау министрлігіне қарасты Алматы қалалық және облыстық экологиядепартаментінде баспасөз хатшысы болып қызмет атқардым. Сонда байқағаным, департаментпен екі әкімдікке қарасты табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының тірліктері егізқозыдай ұқсас болып келеді. Атқарып отырған шаруалары бір – өндірістік,кәсіпкерлік, шаруашылық нысандарды тексеру. Кемшілік тауып, айыппұл салу. Екіжүзге жуық маман, инспекторлар, лаборатория сарапшылары бірінің соңынан бірі сабылыпжүргені.

         Бұдан өзге, табиғат қорғау прокуратурасы, табиғат қорғау полициясы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтықинспекциясы, облысаралықсу инспекциясы, балықшаруашылығы бассейндік инспекциясы сияқтытолып жатқан, қарапайым жұрт біле бермейтін мекемелер бар. Бір өкініштісі,осыншама табиғат сақшылары жүріп, өңір экологиясының табиғи қалпын сақтапқалуға шамалары жетпеді. Өзендер лайланып, ауа ластанып, қоқыс полигондары тұтанып,қоршаған ортаға қауіп төндіре бастады. Мысалы, халықаралық Mercer HumanRecource Conculting рейтингті бағалау компаниясы әлемдегі ең лас қалалардыңтізімінде Алматының тоғызыншы орында тұрғанын атап көрсетті. Әлі де солдеңгейде. Яғни мемлекеттік мекемелердің көптігі өңірлердегі жұмыс сапасын көтеругеешқандай септігін тигізбейтінінің бір дәлелі осы.  

ТӨРТІНШІ. Демократиялық елдердегі белсендіазаматтық қоғамның үрдісіне сүйенсек, саяси жұмыстармен тек партияларғана айналысады. Сол себептен мемлекеттік органдардың қызметін шектен тыс саясиландырудан(жолдауларды түсіндіру, партиялық бағдарламаларды талқылау, сайлауға әзірліксияқты), идеологиялық жүктемелерден арылтудың уақыты келді. Негізінен, жергіліктіатқарушы органдардың құзыретіне аумақты дамыту, экономикалық және әлеуметтік жоспарлардықабылдау, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың орындалуы сияқты аса өзектімәселелерді жүзеге асыру кіреді. Бұл дегеніңіз – әкім мен оның командасы тәулікбойы айналысатын қым-қуыт шаруа бастан асып жатыр деген сөз.  

Өкінішке қарай, әкімніңкөп уақыты өз құзырындағы нақты мәселелерді шешумен емес,  таусылмайтын партиялық жиналыстардың төріндеотырумен өтеді. Бюро, конференция, депутаттық фракция отырыстары, селекторлықжиындар, қоғамдық тыңдаулар, комиссиялар мен кеңестердің, мәжіліс депутаттарыныңкездесулерін ұйымдастыруды әкім тікелей қадағалап отырады, барлығының есебінтыңдайды. Өйткені «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалдарындағы төрағалықміндетті әкімдерге жүктеп қойған. Оны жұрттың бәрі біледі.

Иә, саясат қоғамдық өмірдіңбарлық саласына ықпал жасайды. Саясат – мүдделер күресі. Партияның билікке, биліктіңқоғамға ықпалын арттыру, әкімдік ресурстарды өз мүддесіне пайдалану әрекеті десол күрестен туындайды. Кезінде тәуелсіз жас мемлекетіміздегі әрқилы әлеуметтіктоптардың, ұлтаралық, діни конфессиялар мен бірлестіктер арасындағықарым-қатынастарды реттеу мақсатында ішкі саясат, дін істері, жастар басқармалары,ақпараттық-зерттеу орталықтары, Қазақстан халқы ассамблеясы (оның қоғамдықкелісім кеңестері) құрылды. Бүгінде бұл құрылымдар өз миссиясын толықөтеді. Елдегі бірлік пен тұрақтылық орнықты. Ендігі жерде ел бюджетінің әрбіртиыны есепке түскен сындарлы сәттерде бұл аталған билік құрылымдарын таратып,үнемделген қаржыны пайдалы мақсатқа бағыттасақ, ұтарымыз мол болмақ. Өзкезегінде әкімдер де саяси-идеологиялық жұмыстардан босатылады әрі бірыңғайәлеуметтік, экономикалық-шаруашылық мәселелермен шұғылдануға мүмкіндік алады.

БЕСІНШІ. Билік жүйесіндегі көзгекөрінбес материалдық-әкімшілік ысырапшылдығы ушығып тұр. Мәселен, жаңа келген әкімбұрынғы басшыдан қалған автокөлікті пайдаланбайтыны, 50-60 мың АҚШ долларытұратын жаңасына тапсырыс беретіні шындық. Одан орынбасарлары мен құрылымбасшылары да қалыспайды. Мұны тоқтатудың бірден-бір жолы – оларды тегіс таксигеотырғызу. 2018 жылы Астана әкімдігініңқызметкерлері осындай тәжірибе жасап, таксиге ауысқаны бар.Бұрын автокөлікке айына 40 миллион теңге бөлініп келсе, аталмышшарадан кейін бұл көрсеткіш 13,5 миллионға түскен екен. Жүргізушілер жалақысы,техниканы жөндеу  шығындары жойылып, әкімдіктіңқаржысы 60 пайызға үнемделіпті. Бірақ бұл жаңашыл әдісті басқаөңірлер «байқамаған» сыңай танытты.

Келесі бір кілтипан – басшылардыңатшаптырым қызметтік кабинеті, демалыс бөлмелері еуроремонтпен әрленіп жатқаны жасырынемес. Кез келген әкім мен мәслихат хатшысының кабинетіне кіріп көрсеңіз, оғанкөз жеткізуге болады. Бекітілген ереже бойынша (оның өзі Ресейден көшіріліпалынған), жергілікті атқару органдары басшысының кабинеті 30 шаршы метрден (орынбасары20 ш.м., қызметкерлері 7,5 ш.м.) аспауы тиіс. Кабинетте үстел, кресло, компьютер, телефонаппараты, шкафтан өзге бөгде зат тұрмауы керек. Алайда көптеген лауазымдытұлғалардың қызметтік кабинеттерді пайдалану стандартына пысқырмайтыны анық. Алқызылкілем, емен үстелдер, диван, креслолар, аквариум, қымбат жәдігерлерден көзтұнады. Мұндай келеңсіз «дерт» тез тарайды. Тіпті колледж, мектеп директорларыарасында (оқу кластары есебінен) өз кабинеттерін ұлғайтып, душ кабинасын, демалысбөлмесін жасақтаған фактілер жетерлік. Осындайды көрген кезде кабинеттікжүйеден бас тартатын уақыт жеткенін сезінесің. Басшы да, қосшы да батысүлгісімен салынған, үлкен шынылы цехтарда отырғанын көруді ойлайсың. Қаншамакабинет босап, ортақ істегі еңбек өнімділігі арта түсер еді. Ең бастысы,бюджеттің қыруар теңгесі үнемделері анық.

Жалпы, қолда барды үнемдейалмау біздің қазақтың қанына сіңген әдет сияқты. Әдет болмаса, күндіздің өзіндемемлекеттік мекемелерде (әкімдік, ғылым, білім ошақтары, кітапханалар, мәдениет,спорт ғимараттарында) жарқыратып жарық жағып қоя ма? Атшаптырым конференц-залдарайлап, жылдап құлазып бос тұра ма? Бұл залдарды ұстауға, жарық пен жылуға кетіпжатқан есіл ақшаны, құмға сіңген судай халық қаржысын іздесе, қане?

Сондайдабилік құлағында отырғандарға «Тарта жесеңтай қалар, Қоя жесең, қой қалар, Қоймайжесең не қалар?» деген халық даналығын айқайлап тұрып айтқың келеді. Естірқұлақ болса…

Қайым-Мұнар ТАБЕЕВ,

журналист-жазушы, саясаттанушы

Тегтер: