11:13, 03 Қаңтар 2023
Ташкент-Алматы бағытымен ұшқан әуе кемесінде 7 жолаушы жарақат алды
Air Astana әуе компаниясының ұшағы қазір Алматыға келіп қонды, деп хабарлайды Жас Алаш әуе компаниясының ақпаратына сүйене отырып.
Ақпарат бойыншал Ташкент-Алматы бағытындағы ұшақ Ташкент уақыт бойынша 14:35-те ұшып шыққан. Жол ортасында әуе лайнері кенет қатты турбулентті аймаққа түсіп қалды. Алдын ала ақпарат бойынша 7 жолаушы түрлі жарақат алған.
Рейс экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ал ұшқыштар болған оқиға жөнінде әуежай қызметіне хабарлаған. Ұшақ Алматыға 16:45-те қонды. Зардап шеккен жолаушыларға әуежайда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көліктері күтіп алды.