Таяу Шығыс қақтығысы: Қазақстан келіссөздер алаңын ұсынуға дайын
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі Алибек Бакаев Таяу Шығыс аймағындағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымы жөнінде сұраққа жауап берді. Ол Қазақстанның үшінші мемлекеттердің істеріне араласпау саясатын ұстанатынын атап өтті.
«Осы жағдай бойынша біз ешбір тарапты жақтамаймыз: Иранның да, шабуылға ұшыраған елдердің де жағында емеспіз. Біз осындай қақтығыстардың, ең алдымен әскери қақтығыстардың болмауын қалаймыз. Егер олар туындаса, шешімдері дипломатиялық үстелде қаралуы тиіс. Біз халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысына сәйкес шешілуі керек деген ұстанымдамыз. Бұл барлық халықаралық құжаттарда анық көрсетілген. Бұл позициямыз өзгермейді», — деді Бакаев.
Сұхбат барысында журналистер Қазақстан келіссөз алаңын ұсына ала ма деп сұрады. Вице-министр жауап ретінде: «Бұл мүмкін, егер қақтығысушы тараптар көмек сұраса», — деді.