Тегеран маңына әуе соққысы: 13 адам қаза тапты, оның ішінде 6 бала бар
Иран астанасы маңындағы Эсламшахр қаласында әуе соққысы салдарынан тұрғын үй қирап, кемінде 13 адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде 6 бала бар.
Ирандық БАҚ мәліметінше, шабуыл 6 сәуір күні жасалған. Fars дерегіне сәйкес, соққы тұрғын үйге тиген.
Бұл нысанның не себепті таңдалғаны әзірге белгісіз.
Әуе соққысынан кейін Тегеранның кей аудандарында газ беру уақытша тоқтатылған. Шариф университеті маңындағы жанармай станциясы зақымданған.
Бұл туралы IRIB хабарлады.
Шабуыл үшін әзірге ешбір тарап ресми жауапкершілік алған жоқ. Алайда кейін Израиль Иран аумағына соққы жасалғанын растады.
Бұл оқиға Дональд Трамп Ормуз бұғазын ашуды талап еткен мәлімдемеден кейін болған.
Хайфадағы соққы
Өз кезегінде Хайфа қаласында ирандық баллистикалық ракета тұрғын үйге түсіп:
-
2 адам қаза тапты;
-
тағы 2 адам із-түзсіз жоғалған.
Ғимараттың бір бөлігі толық қирап, қалған бөлігі құлау қаупінде тұр, бұл құтқару жұмыстарын қиындатуда.
Шабуылдар жалғасып жатыр
6 сәуір таңында Израильдің орталық бөлігінде әуе дабылы жарияланып, Иран тарапынан үш зымырандық соққы тіркелген.
Зымырандардың басым бөлігі әуе қорғанысымен жойылған, қалғаны ашық аумақтарға түскен.
5 сәуір күні Иран Израильге төрт рет зымыранмен соққы жасаған. Соның бірі Беэр-Шева маңындағы ірі өнеркәсіптік және химиялық кешенге тиген.