Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:39, 20 Шілде 2020

Тегін дәрі беріледі

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкіліЖақсылық Мәуленовтің айтуынша, қаладағы 14 емхананың күндізгі бөліміне ЖРВИжәне пневмониямен ауыратын науқастар барып, дәрігерге қаралып, тегін дәрілердіалуына болады.

 Соңғы7 күнде Шымкентке  екі ұшақпен және бесжүк көлігімен Үндістан, Ресей мен Украина елінен қажетті дәрілер жеткізілді. Олар еңалдымен қаладағы медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылуда. Дәрілікқор жеткілікті.

— Өздеріңізге белгілі, күні кеше Шымкентке Ресейден бір топдәрігер келіп, коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасуда. Олдәрігерлер 3-4 топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітілген. Екіжақтыжұмыстардың нәтижесін алдағы уақытта жариялап отыратын боламыз, — деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін қалада коронавирус індетінжұқтырған 4251 адам тіркелген, қауіпті індеттен 2499 азамат жазылып шыққан.

Тегтер: