Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:48, 19 Тамыз 2020

Телефон мен теледидарға жақындамаңыздар. Желіде 5G туралы хабарлама тарап жатыр

Мессенджерлерде "Қазақстандағы 5G сынақтары"туралы жалған хабарламалар тарап жатыр, — деп хабарлайды StopFake.kz.

Интернет қолданушылар аудиохабарламаны белсенді түрде таратып жатыр. Ондабелгісіз әйел 5G желісінің сынақтарына байланысты елде теле және радиохабарларөшірілетінін айтады. Сондай-ақ, аудиороликтің авторы қазақстандықтардыинтернетті пайдаланбауға шақырады, өйткені, оның пікірінше, бұл«денсаулыққа қауіпті» болуы мүмкін.

Бірақ бұл хабарлама шындыққа жанаспайтын болып шықты.

«Кейбіреулердің мұрнынан, құлағынан қан ақты. Жалпы қыздар осы 5-6 күнбойы кешке жұмыстан келген соң кітап оқып, журналдар қарасақ ештеңе етпейді.Теледидар көрмеңіздер, телефонға жақындамаңыздар, ештеңе қоспаңыз, сонда ғанабалаларыңыздың, немерелеріңіздің денсаулығын сақтай аласыз. Бұл сенімдіақпарат, нақты ақпарат, өйткені мемлекет не болатынын нақты айтпайды. Бірақ дәлосындай жағдай болады», — делінген жалған хабарламада.

"Қазтелерадио" өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Құрметті абоненттер, қазіргі уақытта WhatsApp мессенджері арқылытелерадио хабарларын таратудың спутниктік және эфирлік желілеріндежоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізуге қатысты жалған ақпарат тарапжатыр. Сізден дүрбелеңге бой алдырмауды және ресми деректерге сенудісұраймыз", — деді компания өкілдері. 

Тегтер: