Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:19, 13 Қыркүйек 2023

Теміртауда ресурстық тіл орталығы ашылды

None
None

Халқының басым бөлігі ресми тілде сөйлейтін Теміртаудағы ресурстық тіл орталығы  аптасына бес күн тұрақты жұмыс істейтін болады

Металлургтер қаласының кәсіпкерлері мен ұйымдары енді ақпарат және жарнамалық мәтіндерді  өз қалаларында қазақ тіліне ақысыз аударта алады.

 Бұған дейін шаhардағы орта және шағын кәсіпкерлер мемлекеттік тілде сапалы аударма жасату үшін облыс орталығындағы тіл орталығына сабылуға мәжбүр еді.

– Аударма қызметінің өз қаламызда ашылғанына әсіресе кәсіпкерлер қуануда. Біз клиенттерге аударма қызметін ғана емес, оларға қазақ тілінде сапалы контент жасаудың дұрыс жолын да, көрсетіп кеңес береміз. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге  құқықтық және әдістемелік көмек беруді жан-жақты үйрететін боламыз. Орталықтың ашылғанына санаулы күн болды. Осы уақыт аралығында қаладағы көптеген қоғамдық тамақтану орындары мен асханалардың  ас мәзірін қазақ тілінде сөйлеттік,-дейді Теміртау  ресурстық Тіл орталығының директоры Гүлнар  Ақышбаева.

Халқының басым бөлігі ресми тілде сөйлейтін Теміртаудағы ресурстық тіл орталығы  аптасына бес күн тұрақты жұмыс істейтін болады.

Тегтер: