Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:30, 02 Маусым 2020

Теміртаудың әкімі короновирус жұқтырды

Қарағанды облысыкороновирустың көп таралуы жағынан алғашқы орынға шығып тұр. Бүгін Теміртауқаласының әкімі Ғалым Әшімовтің короновирус жұқтырғаны мәлім болды.

Әкімніңкесел жұқтырғаны тест тапсырған соң анықталған.

 Бүгінгі күнде Теміртау қаласының әкімі ҒалымӘшімов үйінде оқшауланған. Медицина саласының мамандары әкімнің не себептіауруханаға жатқызылмағаны туралы әзірге ашып, айтпай отыр. Дегенмен әкімнің денсаулығын дәрігерлер тұрақты депбағалайды.

«Теміртау қаласыәкімінің денсаулығына қатысты шағымы жоқ. Ол 14 күн бойы оқшауланатын болады.Ғалым Әшімов араласқан адамдардың,  оныңішінде әкімшілік мамандарының денсаулығы тексерілді, олардан короновирусанықталған жоқ», — деп мәлімдеді Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердіңсапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Енді Теміртауқаласы әкімінің қызметін әкімнің орынбасары Мирас Құттыбай атқаратын болды.Қазіргі уақытта Теміртау қаласының әкімдігі штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.

Айта кетейік, 1маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында короновирус жұқтырғандар қатары956 адамға жетті. Оның ішінде үш адам қаза тауып, 255 науқас сырқаттан сауығыпшықты.

Арайлым Еркебаева,

Қарағанды

Тегтер: