Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:21, 18 Шілде 2023

Терезеден баласы құлаған ата-анаға жаза қатаң

None
None

Алайда ел оны елең қылмай отыр. Терезеден құлау – балалардың өлім-жітімі мен ауыр жарақатына әкеліп соғатын қайғылы фактілердің бірінеайналды.

Облыстық төтенше жағдай департаменті өкілдерінің хабарлауынша, биыл жаз басталғалы Қарағанды қаласы бойынша осындай 18 оқиғатіркелген. Cалғырттықтан жасы 2-ден 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Оларкөбіне үйдегі ересектердің назар аудармауынан және ата-аналары үйдеболмаған сәтте жазатайым жағдайға ұшырайды.

Бала өміріне салғырттықтың соңы орны толмас қасірет екені айдан-анық. ТЖД қызметкерлері ата-аналардан нәрестелерін көзден тасақалдырмауды сұрайды. Сақтандырушылар бала күтушілер мен үлкендергемына қағиданы әрдайым назарда ұстауды ескертеді:

– Терезесі ашық бөлмеде кішкентай балаларды қалдырмаңыздар;

– Москит торына сенудің қажеті жоқ! Себебі ол шыбын-шіркейдің үйгекірмеуінен ғана қорғайды. Көбіне сәбилер москид торларымен бірге құлапкетеді.

– Терезеде құлып немесе сақтандыру құралы орнатылмаса, оныңтұтқасын уақытша алып тастау қажет!

Статистикаға жүгінсек, елімізде балғындардың терезеден құлап, шетінеу жағдайлары азаймай келеді. Биыл жаз басталғалы Астананың өзінде9 бала терезеден құлып кеткен. Абырой болғанда түгелі аман қалған. Ал Павлодарда жаз басталысымен бір бүлдіршіннің өмірі қиылды.Қарағандыдағы жағдайдың оңып тұрғаны шамалы. Жазатайым оқиға қаншағажеткенін жоғарыда айттық. Өскеменде де жағдай мәз емес.

Мемлекеттің демографиялық ахуалына нұсқан келтіріп, балалардыңболашағына балта шабатын қоғам кеселін жою үшін Қазақстанда арнайы заңқабылданған.

Анығын айтқанда, баласын қауіпті жерге қалдырып кеткен ата-аналарҚР Қылмыстық кодекстің 19-бабы бойынша жауапқа тартылады. Осы заңғасәйкес кінәлі тұлғаға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 45 тәулік қамауға алынады. Тәртіпке шақыру мұнымен шектелмейді. Одан зорыбаланың денсаулығына зиян келсе ата-аналар 6 млн теңгеден аса айыппұлтөлейді немесе екі жыл абақтыға отырады. Ал оқыс оқиғадан бала қайтысболса ата-анасы үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Тегтер: