Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:48, 16 Қараша 2023

Тергеу абақтысында аштық ұстаған Марат Жыланбаев 13 келі салмақ тастаған

Марат Жыланбаев
Фото: из открытых источников

Бұл туралы марафоншының адвокаты мәлімдеді

"Мен қазір ғана тергеу изоляторынан шықтым. Марат Жыланбаев 1 қараша күнгі жазбасында салмағы 72 келі болғанын жазған. Ал қазір яғни, 15 қарашада салмағы 59 келі болып тұр" деді Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев.


Ал Ақмола облыстық қылмыстық атқару департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  Марат Жыланбаевтың денсаулығын дәрігерлер бақылап отыр.


"Қазір денсаулығы орташа, медициналық көмекке зәру емес" деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қамауға алынған қазақстандық оппозиционер өзінің ҚДТ (Қазақстан Республикасында экстремистік деп танылған ұйым) мен Мұхтар Әблязовке қатысы жоқтығын дәлелдемек. Марафоншы Марат Жыланбаевтың соты 30 қазанда басталған. Бұған дейін судья "белгісіз екі куәгердің өтінішіне сүйеніп", сотты жабық еткен. Бұған жақтастары мен құқық қорғаушылар наразы болған.