Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:41, 15 Қараша 2023

«Тергеуге баға бермеймін» – Жақсылықов Жамбылдағы жарылыс туралы

жамбыл
Фото: из открытых источников


Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 15 қарашадағы брифингте "заң үстемдігі барын" алға тартып, Байзақтағы жарылыс бойынша сот үкіміне баға беруден бас тартты.

"Бірінші кезекте, бұл — отбасы үшін қайғылы жағдай. Заң осылай шешті. Сотты сынауға кімнің құқығы бар? Мен тергеуге баға бермеймін, тергеудің барлық кезеңі өтті, сот кінәлілерді анықтады, жаза белгіледі. Сот шешіміне пікір айтпаймын, мен оны Қазақстанның кез келген азаматы секілді орындаймын" деді Жақсылықов.

Еске салайық, 20 қазанда Шымкент әскери гарнизоны соты Байзақтағы жарылыс үшін айыпталған алты адамның төртеуін ақтап, 22 жастағы екі сарбазды 9 жылға соттаған. Сотталған екі сарбаз бен олардың туыстары үкіммен келіспей, сот залында наразылық білдірді.