Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:52

The Insider: Ресейге қарсы санкцияларды мыңдаған шетелдік компания айналып өтіп жатыр

Санкция
Фото: overclockers.com

Ресейге қарсы енгізілген санкцияларға қарамастан, 6 мыңнан астам шетелдік экспорттаушы компания санкцияға іліккен ресейлік кәсіпорындарға және әскери-өнеркәсіп кешенінің жеткізушілеріне тауар жеткізіп отыр.

 Мұндай деректі The Insider басылымы 2024–2025 жылдарға арналған Ресей компанияларының сыртқы сауда мәліметтерін зерттеу барысында анықтаған.

Басылымның мәліметінше, бұл компаниялардың басым бөлігі мына елдерден шыққан:

Қытай — шамамен 4 мың компания;

Түркия — шамамен 300;

БАӘ — шамамен 120;

Үндістан — шамамен 60.

Жалпы алғанда, осы елдер санкцияға іліккен компаниялармен және Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенімен жүргізілетін сауданың үштен екі бөлігін қамтамасыз етеді.

Мысалы, Қытайдың Henan New Silk Road International компаниясы Ресейге құны шамамен 3 миллион доллар болатын жүзден астам турбореактивті қозғалтқыш жеткізген. Мұндай қозғалтқыштардың 80 килограмм тарту күші оларды ірі әскери дрондарға орнатуға мүмкіндік береді. Құжаттарда өндіруші ретінде шын мәнінде жоқ компания көрсетілген, ал тауарды алған тарап — санкцияға іліккен ресейлік «Чипдевайс» компаниясы.

The Insider дерегінше, Қытай тек компаниялар саны бойынша ғана емес, Ресейге жеткізілетін тауарлардың жалпы көлемі бойынша да бірінші орында тұр. Ал Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенімен жұмыс істейтін ірі серіктестер арасында жеткізілетін өнімнің сапасы жағынан Түркия алда келеді.

Басылымның мәліметінше, Түркиядан жеткізілетін тауарлардың 68 пайызы — жоғары технологиялы жабдықтар. Олар негізінен Еуропа, Жапония және Оңтүстік Кореяда өндірілген. Бұлардың қатарында металл өңдеу техникасы, тұрмыстық емес электроника, оптика, металлургия мен энергетикаға арналған жабдықтар және өндірістік өлшеу құралдары бар.