Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа ресейлік журналист Тина Канделакидің Қазақстанға қарсы сөзіне байланысты, осындай шешім шыққанын айтты, деп жазды Zhasalash.kz.
Cмадияров Ресейдің белгілі тележурналисі Тина Канделаки Қазақстан туралы соңғы айтқанынан кейін елге кірмейтін азаматтар тізіміне қосылатынын айтты.
Тізім – әрбір мемлекеттің ішкі шарасы. Сізге біреу ұнамаса, өз үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Тина Канделаки Қазақстанға келген жағдайда кірмейді, - деді ресми өкіл.
Ол "көрші елдегі азаматтар, өзіміздің достарымыз біздің ел туралы білмейтіні өкінішті" екенін айтты. Сондай-ақ бұл мәселе бойынша Сыртқы істер министрлігі жауап бермейтінін жеткізді.
Қоғам өзі жауап берді ғой. Қызу талқы болды. Оған не қосайын? Өз есесін алды ғой. Біздің ел туралы айта берген әрбір шетел азаматына жауап бере берсек, өзімізді ұмытып қаламыз. Қаншама ішкі мәселеміз бар, соған көңіл бөлейік, - ресми өкіл.