Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:54, 22 Қараша 2023

«Төбелес пен жанжал жиі шығатын мекемелерді жабу керек» – Асылов

Асылов
Фото: из открытых источников

Бүгін 22 қараша күнгі мәжіліс отырысында бас прокурор төбелес пен жанжал жиі шығатын мекемелерді жабуды ұсынды, деп жазады Zhasalash.kz.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, ойын-сауық мекемелеріне түбегейлі шаралар қажет.

«Келушілер арасында туындаған жанжал туралы ақпарат бермейтіні үшін мұндай орындардың әкімшілігі жауапқа тартылуы керек. Бұл -олардың әлеуметтік жауапкершілігі. Егер мұндай мекемелерде құқық бұзушылықтар жиі орын алатын болса, оның қызметін тоқтату қажет», - деді Асылов Бас прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінің отырысында.

Ал прокурордың бұл пікіріне желідегі жұрт түрлі пікір білдірді. Бірі мекемелерді жабуды құптаса, енді бірі барлығы адамдардың өзін-өзі ұстауына байланысты дейді. Сонымен қатар бірнеше адам Астанадағы Манаса көшесіндегі "Alanya" түнгі клубында әрқашан шу мен жанжал болатынын айтып, жабу керектігін айтты. Әрі бұл пікірге көп адам лүпіл басып, қолдаған.

Еске салайық, бүгін Ақтөбе қаласындағы түнгі клубта орын алған жағдайдан екі адам қаза тапқан төбелеске он алты адамға үкім шықты. Ең ауыр жазаны екі адам арқалады: сот оларды 17 және 15 жылға сотталды. Сотталғандардың бәрі — түнгі клуб күзетшілері мен қызметкерлері. Олардың жақындары сот залында үкімге наразылық білдірді.