Той жасаушылар толастамай тұр

Соңғы дерек бойыншаелімізде карантин тәртібін бұзған түрлі мекемелердің лауазымды тұлғаларына 85миллион теңге айыппұл салынған.
Бірақ шектеу шаралары мен бақылаушы орындардыңжұмысына қарамастан, Жамбыл облысында да той-томалақ әлі тоқтамай тұр. Соныңбірі – әлеуметтік желіде әбден шу болған Шудағы мектеп директорының қыз ұзатутойы.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіаталған қыз ұзату тойы бойынша төмендегідей ақпарат таратты: «Шу ауданының әкімдігіполиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігінбақылау департаменті бірлесіп жүргізген тексеріс барысында бұл факті ағымдағыжылдың 26 маусым күні орын алғаны расталды. Карантин режимін бұзып, іс-шара ұйымдастырғаны үшін ауданның 42жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК (83 340 теңге)айыппұл салынды.
Той иесі Шу ауданы Төлеби ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болыпқызмет ететіні белгілі болды. Бүгінде ол кезекті еңбек демалысында. Алайдадемалысы аяқталғаннан кейін тәртіптік комиссияда оның атқарып отырғанлауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралмақ. Бұдан бөлек, іс-шара өткен мекемеде анықталды. Нысан иесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынасәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады».
Осылайша карантинде қыз ұзатып, той жасаған шулық директор Әзиза Естаеваныңмәселесі еңбек демалысы аяқталған соң майшаммен қаралатын болды. Алтойханаларының артқы есіктерін ашып қойып, алаңсыз бірнеше тойдың тапсырысыналып, клиенттеріне елден ерек жағдай жасап қойған кәсіпкердің ашкөздігіне қатысты қолданылар жазажақын күндері белгілі болмақ.
Бұл ретте Ә.Естаева қызының ұзату тойын нағашыапасы жасап берді деген уәжін білдірді. «Қызымның ұзату тойын нағашы әжесі,яғни менің анам өз қаражатына жасап берді. Бұл тойды жасамай-ақ қойсақ падегенбіз. Бірақ анам жуырда ауыр отаны басынан кешірді. «Отадан аман-есеншығып, денсаулығым түзелгенде немеремді өз қолымнан ұзатып, тойында ақ батасынберсем» деген тілегін білдірді. Сосын,бұл той, біріншіден, карантин күшейтілмеген уақытта болды. Екіншіден,шақырылған қонақтардың аз болуы себепті түскі сағат 14:00 басталып, сағат17:00-де тойдың алды тарқады. Алла сақтасын, сол тойдан кейін ауырғандарболмады», – деді шулық мектеп директоры.
Шуда карантин кезінде ұлын үйлендіріп, беташаржасаған, қызын ұзатып, құтты орнына қондырғандардың қарасы аз емес сияқты.Соның тағы бірі – Шу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев. Жақсыбаев та «кетемін»деген қызының жолына кесе-көлденең тұрмай, үйінен ұзатып шығарғанды жөнкөргенге ұқсайды. Шудың замәкімінің қызын ұзатқанын да ешкім білмей қалуы бекмүмкін еді. Алайда Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевтармен құдандалыболғанын білген ел-жұрт «бай – байға, сай – сайға құяды» деп шулаған болатын.
Жастардың той жырын осы жерден үзетұрып, жасөспірімдердің бей-берекет көше кезіп жүрген жағдайына ауыссақ.Қазіргі таңда Жамбыл облысы жасөспірімдердің карантиндік режимді бұзуы бойынша көш бастап тұр. Осы айда полиция учаскелеріне түнгі мезгілде көше кезіп жүрген 500-денастам мектеп оқушысы түскен. Яғни 500-ден астам ата-ана беймезгіл уақытта көшекезіп жүрген балалары үшін айыппұл төлейтін болды. Тараз қалалық ювеналдыполиция бөлімінің бастығы Әлішер Қалышев: «Ата-аналар көп жағдайда балаларыныңқайда жүргенін білмейді, қадағаламайды. Сондықтан айыппұл салып жатырмыз. Алтүнгі мезгілде жасөспірімдер ойына келгенін жасайды. Ақыр аяғында қайғылыоқиғаларға тап болады. Біз соның алдын алуға тырысып жатырмыз», – дейді.
Осы орайда айта кетерлігі, баласынтүнгі мезгілде көшеге қараусыз жіберген ата-аналардың әрқайсысы 50 мың теңгеденастам айыппұл төлейтін болады.
Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы