Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:28

Тоқаев Ақордада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

1
Фото: Ақорда

Ақорда резиденциясында ХХV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров пен оның бапкерлерін марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен Олимпиаданы ел үшін айрықша тарихи оқиға деп атап, жеңіп алынған алтын жүлденің маңызын ерекше атап өтті. Президент спортшының әкесі – Станислав Шайдоровтың еңбегіне арнайы тоқталып, оның ұлына алғашқы бапкер әрі бүкіл спорттық жолында тірек болғанын айтты.

Тоқаевтың сөзінше, Михаилдың жеңісі – көпжылдық табанды еңбектің, өз күшіне деген сенімнің және шынайы отансүйгіштіктің нәтижесі.

«Михаилдың жеңісі отандық спорт шежіресіндегі зор табыс болды. Бүкіл әлем Қазақстанда даңқты дәстүрді лайықты жалғастыратын жарқын таланттар бар екенін көрді», - деді Президент.


Михаил Шайдоров II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.