Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды. Елші президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты. Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум табысты өтуіне тілектестігін білдірді.