Бүгін, 11:25
Тоқаев Бангладеш Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күніне орай Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен барша Бангладеш халқын құттықтады.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастар екі халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппуға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, ал достас Бангладеш халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Еске салайық, биыл Бангладеште парламент сайлауы өтті. Сонымен қатар, ел азаматтары саяси реформаларға қатысты референдумға да қатысқан.