Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:18

Тоқаев Бибісара Асаубаеваны «Барыс» орденімен марапаттады

Бибісара Асаубаева
Фото: gov.kz

 Тоқаев қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваны блиц шахматтан әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтап, оған «Барыс» орденінің II дәрежесін табыстау туралы шешім қабылдады.

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің құттықтауында Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат тарихында айрықша орын алатыны атап өтілген.

«Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді.

Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.

Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда», – делінген Президент құттықтауында.

Әлем чемпионатының нәтижесі

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева бұған дейін Қатар астанасы Дохада өткен шахматтан әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер арасында блиц санатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 15 турда 11 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.

Аталған жеңіс нәтижесінде қазақстандық шахматшы 2026 жылғы үміткерлер турниріне жолдама иеленді. Бұл – әлем чемпиондығына апарар ең маңызды кезеңдердің бірі.

 

Дохадағы әлем чемпионаты 25–31 желтоқсан аралығында өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жарысқа – 42 елден 140 шахматшы, оның ішінде 132 халықаралық шебер қатысқан.

Чемпионаттың бастапқы кезеңінде өткен рапид турнирінде Бибісара Асаубаева үздік 20 ойыншының қатарына енген болатын.