Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:00

Тоқаев бірнеше судьяны қызметінен босатты

Тоқаев
Фото: из открытых источников

Қазақстанда сот жүйесінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 қазандағы жарлығына сәйкес, Алматы мен Астана қалаларындағы екі судья «теріс қылығы жасағаны үшін» қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Бостандық ауданы №2 сотының судьясы Қанат Сырлыбаев және мамандандырылған экономикалық соттың судьясы Ғалымжан Бекмамбетов қызметінен алынған.

Сонымен қатар, Қостанай облыстық сотының төрағасы Анатолий Смолин «отставкаға шығуына байланысты» лауазымын босатты.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының судьясы Динара Кабиденова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.

Ал Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Қыдырбек Әлхожаев «қайтыс болуына байланысты» қызметінен босатылды.

Бұдан бөлек, Астана қаласының ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып Марлен Бекетов, ал Ақтөбе қалалық сотының судьясы болып Марал Омарова тағайындалды.

Тегтер: