Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:54

Тоқаев Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысын тағайындады

Махсұт Гусейнов
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштер қатарындағы кадрлық тағайындаулар туралы өкімдерге қол қойды.

Ресми құжаттарға сәйкес:

Махсұт Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қарулы күштер құрылымында басқа қызмет атқарып, енді сол лауазымынан босатылды.

Махсұт Гусейнов 977 жылғы 30 желтоқсанда Шымкент облысы Бөген ауданының Чубаровка ауылында туған.

Білімі:

– ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясы (мотатқыш әскерлерінің тактикалық-командалық бағдарламасы), 2000 жыл;

– Ұлттық қорғаныс университеті (әскери және әкімшілік басқару), 2013 жыл;

– Ұлттық қорғаныс университетінің «Қарулы Күштердің Бас штабы академиясы» факультеті (әскери істегі стратегиялық менеджмент), 2021 жыл.

Әскери қызметтің барлық сатыларынан өтіп, лейтенанттан полковникке дейін көтерілген.

2000 жылдан 2021 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда – взвод командирінен бастап әскер қолбасшысының орынбасарына дейін қызмет атқарған.

2024 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысының өкімімен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалған.

Бұған дейін Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығы басқармасының жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы – қолбасшының орынбасары қызметін атқарған.

Ал Бағлан Үсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Тегтер: