Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:55

Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open-дегі жеңісімен құттықтады

Елена Рыбакина мен Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open турниріндегі жеңісімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында Рыбакинаның кезекті ірі спорттық жетістігі атап өтілді:

— Сізді теннистен Австралияның ашық чемпионатындағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз мінсіз техникаңыз бен жеңіске деген жігеріңізді тағы да айқын көрсеттіңіз. Бұл нәтиже әлемдік теннис қауымдастығының жоғары бағасына ие болды. Алдағы ең беделді турнирлерде де толағай табыстар тілеймін, — делінген құттықтауда.

Еске салайық, бүгін Елена Рыбакина Australian Open финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанды.