Тоқаев: Келесі президент сайлауы өз мерзімінде – 2029 жылы өтеді
Келесі президент сайлауы бұрын жоспарланғандай 2029 жылы өтеді.
Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні дауыс беру учаскесінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
«Келесі президент сайлауы қолданыстағы Конституцияда белгіленген мерзімге сәйкес, 2029 жылы өтеді», – деді Тоқаев.
Президент сондай-ақ қазіргі уақытта вице-президент қызметі төңірегінде түрлі әңгімелер айтылып жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселенің қоғамға теріс әсер етеді деп алаңдауға негіз жоқ.
«Вице-президент лауазымын енгізу мемлекеттік билік институттарын нығайтады. Бұған алдағы уақытта көз жеткізуге болады. Мен президент ретінде бұл қызметке, жалпы жүргізіліп жатқан реформаларға үлкен үміт артамын», – деді Тоқаев.
Сонымен қатар жаңа Конституция жобасына тоқталған Мемлекет басшысы Негізгі заңды дайындау жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілгенін айтты.
«2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілгенін білесіздер. Сол кезде-ақ жаңа Конституция қабылдауға болар еді, бірақ біз бұл қадамға бармадық. Сол кезден бастап жаңа Конституция қабылдау идеясы пайда болды. Шамамен екі жыл бұрын осы бағыттағы жұмысты бастадым, өйткені елге жаңа Конституция қажет», – деді Президент.