Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 05 Тамыз 2024

Тоқаев Мирзиеевтің қызын қабылдады

d
Фото:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентінің үлкен қызы, президент көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды, делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар, кездесуде ақпараттық-идеологиялық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және жастар саясаты салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша мән берілгені айтылған.

Президент Астанада халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін айтқан. 

Айта кетейік, Саида Мирзиёева — өзбек саясаткері, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің үлкен қызы. 2023 жылдың тамызында Мирзиеева ел президентінің бірінші көмекшісі болып тағайындалып, президент әкімшілігінде мемлекет басшысынан кейінгі ең жоғары лауазымды иеленді.