Бүгін, 16:31
Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі Бұхарада өтеді
11 сәуір күні Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев арасында бейресми кездесу өтеді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқыламақ. Сонымен қатар, өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер де қарастырылады.