11:23, 19 Тамыз 2024
Тоқаев Тәжікстанға барады
22-23 тамыз күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
Ақорда ақпаратынша, сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды, делінген хабарламада.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.