Токиоға – үш шабандоз
Қазақстандық велошабандоздар 2020 жылы Токиода (Жапония)өтетін олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды.
Бұл ақпарат Халықаралық велосипедшілеродағы (UCI) олимпиадаға жолдамалар санын ресми түрде растағанынан кейінжарияланды.
Олимпиадаға іріктеу жарғысына сәйкес, жолдамалармемлекеттердің әлемдік рейтингтегі орнына байланысты берілді. Рейтингтікұпайлар 2018 жылдың 22 қазаны мен 2019жылғы 22 қазаны аралығында, бір жыл бойы жиналды. Осы уақыт аралығындаҚазақстан 3259,35 ұпай жинады. Құрама әлемдік рейтингте 19-орынға табан тіреді.Осы рейтингке сай, Қазақстан құрамасына үш жолдама берілді. Енді 2020 жылыөтетін олимпиаданың топтық сынында үш шабандоз Қазақстан намысын қорғайтынболады. Осы үштіктен тағы бір шабандоз жеке жарысқа қатыса алады.
«Афиныда (2004) өткен олимпиададан кейін топтық жарыстаҚазақстан атынан алғаш рет үш шабандоз өнер көрсетеді. Бұған дейінгі олимпиадалардаҚазақстан құрамасынан екі спортшы ғана қатысып келді. Ең алдымен мұның барлығы бірлесіпатқарған жұмыстың нәтижесі. «Астана» велокомандасы үлкен үлес қосты. Соныменқатар құрлықтық «Астана-Сити» және Vino-Astana Motors командаларының қосқанүлесін де атап өтуіміз керек. Қажетті рейтингтік ұпайлар жинау үшін барлығы тертөкті. Олимпиада алдындағы маусымда осыған басты назар аударылды. Тапсырманытолықтай орындап шықтық деуге болады.
Маңызды қадамдардың бірі Ташкентте өткен Азиячемпионатында жасалды. Ерлер арасында өткен жарыста спортшыларымыз үш алтынжүлде иеленді. Сонымен қатар Алексей Луценконың маусымды тамаша өткізгенін атапөткім келеді. Шабандозымыз Қазақстан қоржынына жалпы Азия құрлығының бірде-бірмемлекеті жинай алмаған ұпайды жалғыз өзі әкелді»,– дедіҚазақстан велоспортфедерациясының президентіНұрланСмағұлов.
Токио олимпиадасында тас жолдағы жалпы жарыста 197велошабандоз (ерлер саны – 130 жәнеәйелдер (67) бақ сынайды.