15:27, 30 Желтоқсан 2022
Тоқаев Әділет министрін қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрін қызметінен босатты. Бұл туралыАқорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың жалпы отырысында Үкіметтің құрамына қатысты нақты проблемаларды көтеріп, кадрлық өзгеріс жасайтынын мәлім еткен болатын.